Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы гейлердің өмірі туралы фильм БҰҰ байқауында жеңіске жетті (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық Айша Сәлімгерееваның еліміздегі гейлер туралы фильмі БҰҰ-дағы жастар фильмі байқауында бірінші орын иеленді. Бұл туралы NUR.KZ порталы  Timeskz.kz.

Айшаның өзі Нью-Йорктегі марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Алайда премияны фильм операторы Әлихан Смағұлов ала алды.

"Біздің фильм "Айбек" деп аталады. Ол Қазақстандағы гейлердің басынан өткеретін қиындықтары туралы баяндайды", - дейді Әлихан.

Оператор фильмді небәрі бес күнде түсіргендерін алға тартты. Ал фильмдегі басты рөлді сомдайтын актер натурал екен. Ол рөлді сомдауға бірден келісе қоймаған.

"Гейлердің ешқайсысы өзінің гей екенін айтып жатпайды, себебі бұл қауіпті. Мен мұны дұрыс емес деп санаймын. Гейлерді сынап, жек көру дұрыс емес. Бәріне түсіністікпен, сабырмен қарау керек", - дейді Смағұлов.

Ол фильмді көргендер гейлерге көзқарасын өзгертеді деген үмітте.

"Мен бұл фильмді барлық достарыма көрсеттім. Олардың дені түсіністікпен қарады. Фильмді аздап ұнатқандар да бар. Алайда осы үшін мені жек көре бастағандар да жоқ емес. Олар менің бұған неге келісіп, фильм түсіріп шыққанымды түсіне алмады", - дейді Әлихан.

Тағы оқыңыздар: 

Ильин мен Чиншалло Токио олимпиадасына қатысуы мүмкін

Көкшетауда судьяны өлтірді деген ер адам өмір бойына сотталып кетті

Өте сирек кездесетін акулаға ұқсас жыртқыш аң әлем жұртшылығын шошытты 

Әкесіне арнап ән шырқаған Ермахан Ибраимов желі қолданушыларын сүйсінтті (видео)

Қақаған аязда көшені жартылай жалаңаш кезген астаналық жігіт желіде қызу талқыға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1675790-qazaqstandaghy-geylerdinh-omiri-tural/

pixel