Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті жезөкшенің етінен кәуап дайындаған алматылық адам жегіш алғаш рет сұқбат берді (фото)

Опубликовано:

90 жылдардың соңында алматылықтарды аяғынан тік тұрғызған адам жегіш алғаш рет сұқбат берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы КТК арнасының «Басты редакция» бағдарламасына сілтеме жасап. Михаил Вершинин - сыбайластарымен бірге 1998-1999 жылдары арасында жеті бойжеткенді жер жастандырып, бесеуінен тамақ жасап жеген қанышер. Оның құрбандарының жасы 18 бен 25 аралығындағы, шаштары сары, көздері көкшіл жезөкшелер болған.

Алғашында полицейлер кәріз жүйесі мен қоқыс жәшіктерінен әйел адамдардың бөлшектелген дене мүшелерін тапқан. Артынша осындай әдіспен өлтірілген қыз-келіншектің саны жетіге жетеді. Кейбір құрбандарды тіпті тәртіп сақшылары кім екенін әлі күнге дейін анықтай алмаған. Себебі, оларды адам жегіштер танымастай етіп пісіріп, құр сүйегін қалдырған.

Кейін белгілі болғандай, адам жегіштің қолынан қаза тапқандар - Саин мен Сейфуллин көшелерінің бойында тәнін саудалағандар екен.

Тергеу кезінде Вершинин қыздарды өлтіруінің себебін қала абыройына нұқсан келтірумен түсіндірген.

«Михаил жезөкшелерді жек көрген. Медициналық білімі бар болғандықтан ол тәнін сатушылар - адамдар арасында түрлі ауру таратады, нашақор, қаланың атын кірлетеді деп оларды мүлдем адам санамаған», - дейді экс-тергеуші Владислав Бекашев.

Михаил Вершинин сол кезде қалалық жүйке аурулары ауруханасында фельдшер болса, сыбайластары Сергей Копай мен Евгений Турочкин санитар қызметінде жүрген. Жезөкшелермен тегін демалып, ақысын төлеудің орнына олардан кәуап жасап жеуді де ойластырған осы екеуі.

«Алғашқы құрбанды бірінші мамыр күні өлтіріп, етінен кәуап жасадық. Арнайы сексеуіл әкеліп, от жағып, етті шоғына пісіріп жедік», - дейді Сергей Копай.

Михаил Вершинин медициналық университетке оқуға түсуге дайындалып жүргендіктен адам сою оған қызық болып көрініп, екі досына арақ беріп, жезөкше өлтіруге кеңес берген.

Олар алдымен қызбен көңіл көтеріп, артынша тұншықтырып өлтірген. Ал Михаил мүрдені бөлшектеп, бірі етін турап, бірі басын қайнатып, тамақ жасап  барлығы бірлесе қылмыс жасаған.

Сұмдығы сол - адам жегіштер қыздардың етін бір ай бойы мұздатқышта сақтап, одан котлет, манты, тұшпара түйіп, сорпа пісіріп, көршілері мен туыстарына таратқан. Тіпті, бәліш те дайындап базарда саудалаған екен.

«Мен бұл түрмеде қылмыс жасағаным үшін отырмын. Жазамды алдым деп есептеймін. Себебі 15 жылдан бері күні-түні ойлап, жасаған қателіктерімді сараптадым. Осының өзі маған үлкен соққы, тәрбие болды. Өткен күнді есіме ала бергім келмейді. Қылмысты қызық үшін жасамадым, бойымдағы менмендігімді жеңу үшім, өзімді дәлелдегім келген соң жасадым»,- дейді қанішер сотталушы.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылып, «Қара бүркіт» түрмесіне жабылған азғын соңғы уақытта Отанға деген махаббатпен патриоттық сезім туралы өлең жазып жүр екен.

Адам жегіш қанышердің сөзінше, өмір бойына сотталғаннан гөрі ату жазасына кесілген әлдеқайда жақсы.

«Мен Қазақстанның заңын сыйлаймын, сараптаймын. Түрмеге қамау арқылы - қоғамда әділдік орнатып, қылмыскерді түзу жолға салу көзделген. Егер, қылмыскерді атып тастаса ол қатесін түсінбей, түзелуге де мүмкіндігі болмайды. Түрмеде өміріңнің соңына дейін жасаған қылмыстарыңды түсініп, оған қайғырып, жаның күйзеледі. Ал ату жазасы болса ары кетсе бір жыл жүйкең сыр береді, өміріңді уайымдайсың. Сосын атылып барлық қиындықтан құтыласың», - дейді Михаил.

Михаилды зерттеген психологтардың сөзінше, адам жегіш Михаил Вершинин - жүйкесі сыр берген ауру емес. Ол әрбір ісін мұқият ойластырып, арнайы жоспарлап жасау арқылы өзінің діттеген ісіне қол жеткізген.

Сондай-ақ, жасаған қылмысына еш өкінбейді және өзін кінәлі санамайды. Себебі ол өлтірген құрбандарын ешқашан адам ретінде санамаған.

Тағы оқыңыздар: 

Петропавл тұрғыны ұлтараздықты қоздырғаны үшін сотталып кетті

80-дегі алматылық қария ұрысқақ келіні мен қызын үйден қуып шықты

Кәрімов және Ақаевпен бірге боулинг ойнаған елбасының видеосы жарияланды

Өзбекстанда аудан басшысы қырық бес минуттық жиналыста 126 рет былапыт сөз айтқан

Ішімдікке сылқия тойып алып көлік тізгіндеген шымкенттік жүргізуші жұрттың ашуына тиді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1676042-zheti-zhezoksheden-kauap-dayyndaghan-alm/

pixel