RU

Темекі шекпейтіндерге демалыс күнін ұзартқан компания жұртты қызықтырып қойды

Жапониядағы компаниялардың бірі темекі шекпейтін қызметкерлерге демалыс күнін ұзартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.eizvestia.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның темекі шекпейтін қызметкерлері бір жыл бойы темекі шегетіндерден артық жұмыс істейтіндерін айтып, шағымданып келген. Себебі жаман әдетке бой алдырған қызметкерлер темекі шегуге жұмыс барысында жиі үзіліс жасап тұрады екен.

Енді токиолық Piala Inc. компаниясы темекі шекпейтін қызметкерлеріне жылына қосымша алты күн демалыс бермек.

"Біздің директор темекі шекпейтін қызметкердің бұл өтінішін мақұлдады. Енді біз ондай қызметкерлерге алты күн қосымша ақысы төленетін демалыс береміз", - дейді компания өкілі Хиротака Мацушима.

Қызметкерлердің шағымдануына негіз бар. Себебі әр қызметкер темекі шегу үшін компанияның 29-қабатынан жертөлеге түсу үшін 15 минут уақыт жұмсайды екен.

Тағы оқыңыздар: 

Қытайда 18 қабатты зәулім үй жеті секундта жермен жексен болды

Петропавл тұрғыны ұлтараздықты қоздырғаны үшін сотталып кетті

Айқын Төлепберген өзін "жүргіш" деп сөккен тыңдарманына жауап берді

Сот орындаушыларынан әбден қысым көрген ақтөбелік азамат елден көмек сұрады

Қазақстандағы гейлердің өмірі туралы фильм БҰҰ байқауында жеңіске жетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1676289-temeki-shekpeytinderge-demalys-kunin.html