RU

Волочкованың экс-көңілдесі онымен тегін төсек қатынасына қалай түскенін айтып берді (фото)

Бизнесмен әрі блогер Чермен Дзотов Анастасия Волочковамен қалай тегін төсек қатынасына түскенін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "НТВ" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде Анастасия Волочкованың интимдік суреттері тарап кеткен болатын. Төсек қатынасына түсіп жатқан аруды суретке оның 29 жастағы көңілдесі Чермен Дзотов түсіріп алған.

Ол фотоларды желіге өзі емес, одан ақша бопсалаған алаяқтар таратып жібергеніне сендіруде.

"Екі жыл бұрын телефонмен таныстық. Онымен мені пиар маманы таныстырды. Көп ұзамай кездесе бастадық. Сирек кездессек те, тәтті түндерді өткізетінбіз", - дейді Чермен.

Олигархтармен салыстырғанда аста-төк байлығы жоқ Дзотов балеринаны бір түнге сатып алуға болады деген сыбыстарды жоққа шығарды.

"Анастасия Юрьевна ақша үшін төсектес болады дейтін сыбыс бар. Мен оған бір рет те көк тиын төлеген емеспін. Бізде бәрі сезімнің жетегімен болды", - деп сендірді Дзотов.

Ол балеринамен кездесу кезінде тек гүл мен шпинат ала баратынын есіне алды.

"Суреттерді жария етпеген болсам да, ол адамның алдында өзімді кінәлі сезінемін. Кінәмді қалай жуып-шаятынымды да білмеймін. Қатты ұялатыным рас!", - дейді Чермен.

Алайда Черменмен суреттерге бола айырылысып кеткен Волочкова бұрынғы көңілдесін оңбаған деп атап, суреттерге жиіркенішті деген баға берген.

Тағы оқыңыздар: 

Мәскеу төрінде күмбірлете күй шерткен Мейрамбек Беспаев ресейліктерді таңдандырды (фото, видео)

Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді

Денсаулық сақтау министрлігінің шопыры қызметтік көлігін пайдаланып ұрлыққа түскен

Қызғаншақ ер адам тұрмысқа шығуға келіспеген жас қыздың мойнын үзіп тастады

44 млн теңгеге унитаз сатып алған шенеунік жұртты аң-таң етті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1676431-volochkovanynh-eks-konhildesi-onymen-te.html