Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық басылым Кенесары ханды "бандит әрі сатқын" деп жазды

Опубликовано:

Өзбекстандағы vesti.uz деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдарының бірі Қазақстан тарихында Қазақ хандығының соңғы ханы ретінде аты қалған Кенесары ханды "бандит әрі сатқын" деп атады.

Бұл туралы vesti.uz сайтына "Бандит әрі сатқынның атына көше берілетін болды" деген атаумен жарияланған материалға сілтеме жасаған NUR.KZ  хабарлайды.

"Алматы әкімдігі бірқатар көшелердің атауын өзгертуді қолға алды. Олардың бірі танымал бандит әрі сатқын Кенесары ханның атына берілмек", - деп жазған басылым.

Сонымен бірге материалда Кенесары ханның өмірбаянына қатысты мынадай "деректер" келтірілген.

"XIX ғасырда ол Ресейден кісі ұрлап, оларды Ташкент, Бұқара мен Қоқанның құлбазарларына әкеліп сатқан", - делінген мақалада.

Сондай-ақ, мақала авторы оның "өз отандастарын сатып кеткен сатқын" екенін айтып, қырғыз манабы оны сол себептен азаппен өлтіргенін жазған.

Тағы оқыңыздар: 

Мәскеу төрінде күмбірлете күй шерткен Мейрамбек Беспаев ресейліктерді таңдандырды (фото, видео)

Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді

Денсаулық сақтау министрлігінің шопыры қызметтік көлігін пайдаланып ұрлыққа түскен

Қызғаншақ ер адам тұрмысқа шығуға келіспеген жас қыздың мойнын үзіп тастады

44 млн теңгеге унитаз сатып алған шенеунік жұртты аң-таң етті (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1676561-ozbekstandyq-basylym-kenesary-khandy/

pixel