RU

Алматыда полициядан қашпақ болған ұрылар бірнеше көлікті тас-талқан етті (фото)

Алматыда үй тонаушылар полицейлерден қашамыз деп бірнеше көліктің тас- талқанын шығарды. Ұрылар «Жас Қанат» ықшамауданындағы үйлердің бірін үптеп шыққанда тәртіп сақшыларының назарына іліккен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күдіктілердің бірі бірден қолға түссе, екіншісі оқиға орнынан ізін суытпақ болады. Ол өзінің Лексусіне отырып қаша жөнелгенімен, аулада тұрған бес көлікті қағып алысқа ұзамады. Жангелдин көшесінде жол апатына ұшырап, бір-ақ тоқтаған.

Полицейлер күдіктілердің машинасынан ұрланған ноутбук, телефон және зергерлік бұйымдарды тәркіледі.

 

Ұсталғандардың екеуі де Алматы облысының тұрғындары. Олардың бұған дейін тағы төрт үйді тонағандары белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

СІМ шымкенттік жігіттің Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталғанын растады

Өзбекстандық басылым Кенесары ханды бандит әрі сатқын деп жазды

Атырауда өзін алып қашқан жігіттің әйелі барын естіген бойжеткен асылып қалды

"Түні бойы дәрігер күттік": Алматы облысында 19 жастағы жүкті бойжеткен қаза болды

Ақтөбе облысында орамал таққан оқушылар мектепке кіре алмай, жылап жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1676773-policiyadan-qashpaq-bolghan-urylar-birn.html