RU

Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов сыбайласы Бишімбаевтың былығын ашып тастады

Бишімбаевтің ісі бойынша сот алдында жауап беріп жатқан Аслан Жақыпов кінәсын мойындап, қылмыстық жүйеге қалай кіргенін айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

"Бәйтерек Девелопмент" төрағасының орынбасары бола жүріп ол "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған үйлерді қабылдаған.

Жақыповтың сөзінше, ол құрылыс компанияларынан жылу жинапты.

"Ал пара алу жүйесі менің келуіме дейін, сол кездегі «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев пен тікелей бастығы Бақыт Жақсыбаевтың ұйымдастырумен жұмыс істеп тұрған", - дейді экс-орынбасар.

Бұл жүйені олар өзара «біздің іс» деп атапты. Іске кіріскеннен кейін Аслан Жақыпов бір ғана құрылыс компаниясының өзінен 45 млн теңге пара алып, оны өзара 5 адамға бөліп алған.

Айтуынша, Қуандық Бишімбаев та үлесте болыпты. Алайда ол сөздерін ешбір құжатпен айғақтай алмады.

Естеріңізге сала кетсек, Аслан Жақыпов - мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы.

Тағы оқыңыздар:

Сағаттап уақтыңызды жоғалтатын әлеуметтік желілер не үшін пайда болған?

Ақтөбе облысында орамал таққан оқушы қыздар мектепке кіре алмай, жылап жүр

Полициядан қашпақ болған ұрылар бірнеше көліктің тас-талқанын шығарды (фото)

Дәрігерлер Шымкентте сақалды күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайы туралы айтты

Қарағандыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жас бизнесмен әлі табылмай жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1676856-deputattynh-uly-aslan-zhaqypov-bishimba.html