RU
Қазақстанның атақты дизайнерлері
Жаңалықтар Факты и Лайфхаки

Қазақстанның атақты дизайнерлері

Рассказать Вконтакте

Әлем назарын аударып жүрген дизайнерлер Қазақстанда да жоқ емес. Еліміздегі эстрада жұлдыздары мен атақты жүргізушілер, кәсіпқой қыз-келіншектер  отандық дизайнерлердің киім үлгілерін кие бастады. Шетелдік D&G, Louis Vuitton сынды брендтерді «Aya Bapani», «Aida Kaumenova» шығарған киімдер алмастырып отыр. Көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген танымал дизайнерлерді бізден біле аласыздар.

Ая Бапани

Отандық сән әлемінде ерекше көзге түсіп жүрген дизайнердің бірі – Ая Бапани.  Оның өнерге деген таланты әкесінен дарығандығы айтылып жүр.  Ая Бапани қазақ көркем сурет өнерінің классигі  Әлібай Бапановтың қызы.

Ая Бапани киім үлгілерін ұлттық нақышта сәндеп жүр. Жас дизайнер тек спортта ғана емес, сән үлгісінде де ел мәртебесін арттыруға болатындығын дәлелдеді. «Fashion TV Central Asia 2013» премиясында Орта Азияның үздік сән дизайнері атағын иеленді.

Жас әрі талантты дизайнердің өз ерекшеліктері бар. Ол қазақ халқының бай  мәдениеті мен ұлттық ою-өрнектерін  әлдеқайда тартымды екенін өз туындыларында дәлелдеп жүр. Ол ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін шетелдік сән көрсетілімдеріне шығарды. Нәтижесі де жоқ емес. Туындыларына жоғары баға алған атақты дизайнердің киімдері жоғары сұранысқа ие.

Аида Кауменова

Аида Кауменова – көркемpret-a-porter delux коллекциясын шығарушы жас дизайнер. Оның «AidaKaumeNOVA» брендтті жеке маркасы отандық жұлдыздар арасында танымал. Бұл бренд тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да шетелдерден өз орнын алып жүр.

Аида Кауменова Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол онда білім беру мектебімен қоса өнер мектебін де бітіріп шықты. Кейін Алматы Технологиялық университетін 1997 жылы «инженер-конструктор-модельер» мамандығымен аяқтаған.

Дизайнер 2002 жылы Италияға барып шеберлігін жетілдіре түсті. Онда ол «Carlo Во» Urbino қаласында сән мектебін бітірген. Ол «Daraleque» маркасының арт-директоры және дизайнері болған. Арт-директордың мамандығынан кейін Аида «AidaKaumeNOVA» сән үйін құрды.

Салтанат Баймұхамедова

 

Салтанат Баймұхамедова ерекше сән  үлгісімен танылып жүрген жас дизайнерлердің бірі. Отандық сән индустриясының жарқын өкілі сән әлеміне  2000 жылы келген болатын. Ол алғашқы жобасын «F… you» желісімен жастарға арналған киім үлгілерін  тігіп  бастады.

Ол 2008 жылдың наурыз айында «Trend&Tendance» агенттігінің қолдауымен Париж қаласында алғашқы сән көрсетілімін жасады.  Шетелдік сән аренасы жас дизайнерге ерекше шабыт берген болатын.  Париждегі сапарынан кейін Салтанат Баймұханова «Salta»  брендімен нарықта таныла бастады.

Бүгінгі күні «Salta» сапалы, әрі қолжетімді бағадағы pret-a-porter әйелдер киімін шығарумен айналысады. Дизайнер @saltafashion Instagram парақшасында тұтынушыларымен тұрақты байланыс ұстап отырады.

Тағы оқыңыздар: Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар

Леонид Жеребцов

Леонид Жеребцов есімді дизайнер елімізде «OpenWay 2012» брендімен танымал. Ол ұлттық жас дизайнерлер байқауының жеңімпазы. Аталмыш байқаудан соң жас дизайнер «Leonid Zherebtsovfor Salta» коллекциясын дайындады.

Қазақстан дизайнерлерінің «Kazakhstan Fashion Week» шарасында Леонид өз ерекшелігімен таныла білді.  Оның киімдер топтамасының негізгі бөлігі қара,  көк, сарғыш, ақмақта және стрейчтен тұрады. Леонидтің айтуы бойынша оның коллекциясы стиль мен ыңғайлылықты таңдайтын барлық жастағы қыздарға арналған.

Камила Курбани

Камила Курбанидің сәнді киім үлгілерін тігіп жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Оның есімі енді ғана таныла бастады. Камила Курбанидің қазақстандық сән сахнасына киім үлгілерін ұсынып жүргеніне екі жылдай уақыт болды. Осы кездің ішінде дизайнер сән әлеміне өзгелерге ұқсамайтын ерекше стилін ұсына білді.

Дизайнердің негізгі туындылары екпінді гламурға емес, керісінш еunisex пен casual стиліндегі еркіндік үлгілерді ұсынып жүр. Камиланың тұтынушылары еркін ойлайтын, өзгеден аса ерекшеленбейтін, бірақ өзінің ерекше қайталанбас стилі мен көзге түсетін кәдімгі қала тұрғындары.

Сәкен Жақсыбаев

Источник фото: yvision.kz

Сәкен Жақсыбаев 2011 жылдан бері отандық сән әлеміне қадам басқан. «ZhSaken» брендінің негізін қалаушы дизайнерді бүгінгі күні танымайтын қазақстандық сәнқой жоқ шығар.

Шетелге жиі шығып тұратын Сәкен әр елден алған әсерін өз топтамаларында жеткізуге тырысады. Дизайнердің жақында тұсауы кесілген топтамасы  «Мадрид» деп аталды. Ол киімдерін тігуде барқыт, жібек, шілтер және шифон маталарын қолданады. Оның барлық киімдері сапалы, әрі бағасы қол жетімді.

Тағы оқыңыздар: Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сіздің реакцияңыз
2
5
1
1
10
11
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel