Выйти
RU

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жүктілік – әйел өміріндегі ең ерекше және ең тәтті кезеңдердің бірі. Болашақ ана жүктілік кезінде өз денсаулығына ерекше мән беріп, табиғатпен ерекше байланыста өмір сүруі тиіс. Алайда, күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, жүктілік кезеңнің тезірек аяқталуын, тезірек босанып, ортаға қосылуды тілейтіндер бар. Осы орайда жүктілік кезінде әйелдерге не істеу керектігін назарларыңызға ұсынамыз.

Жүкті әйел күніне 2-3 сағат уақытын таза ауада өткізуі керек. Күніне бірнеше сағат бойы көшеде серуендеген дұрыс. Жаз кезінде жүкті әйелдердің қала сыртында демалғаны дұрыс. Әйтсе де, босанатын уақыт жақындайтын жүктіліктің соңғы айларында тым алысқа кетпеу керек. Таңертең және кешке ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алуды ұмытпаңыз.

Жүкті әйелдің тамақтануы да ерекше назарда болуы тиіс. Құрамында витаминдер мен минералдары көп тағамдарды көбірек жеуге кеңес беріледі. Әсіресе, жүкті әйелдің рационында кальций мен фосфоры көп тағамдар болуы тиіс. Өйткені, құрсақтағы сәбидің сүйегі қатаю үшін мұндай дәрумендер аса қажет. Кальций көп жағдайда сүт тағамдарының құрамында кездеседі. Екіқабат әйел тек балғын әрі жаңадан әкелінген жеміс-жидек және көкөністермен тамақтануы тиіс. Алкогольді өнімдерден түелдей бас тартып, балық және басқа да еттерден уақытша алыстай тұрған жөн.

Егер сіз кофеқұмар болсаңыз, жүктілік кезінде кофенің де көлемін азайтқан жөн. Жүкті әйелдер үшін күніне бір кесе кофе ішудің өзі де жеткілікті. Стресстік жағдайлардан қашыңыз.

Жүкті әйелдерге ұйқы режимін міндетті түрде сақтау керек. Түнгі ұйқы уақыты сегіз сағатқа созылып, күндізгі уақытта да ұйықтап алған жөн. Жатар алдында бөлмені желдетіп қойыңыз. Жүкті әйелдердің бір уақытта тұрып, бір уақытта ұйықтағаны маңызды.

Тағы оқыңыздар: Дұрыс тамақтану ережелері

Күн сайын таңертең жыныс мүшесін жылы сумен жуып, сүт бездеріне де ерекше күтім жасау керек.

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа бару үшін міндетті түрде дәрігер-гинекологпен ақылдасыңыз. Егер болашақ ана жыныстық қатынас кезінде өзін жайсыз сезінсе, күйеуімен  кеңесіп, уақытша бас тарту керек.

Сағат күндізгі 11:00 мен түскі 16:00 аралығында күн көзінде көп болмауға тырысыңыз. Жүктілік кезінде күн сәулесінің пайдасынан зияны көбірек.

УЗИ-ге жиі түсудің қажеті жоқ. Тек дәрігер айтқан кезде ғана УЗИ жасаңыз. Себебі, бұл болашақта ағзаға әсерін тигізеді.

Екінші триместр кезінде күніне кем дегенде 1 жарым литр су ішіңіз. Өйткені, ағза үшін сұйықтық өте маңызды.

Жүкті әйелдердің тершең келетіні де есіңізде болсын. Ыстық ваннаны ұмыта тұрып, душ қабылдаңыз. Бұл кезеңде дезодарантты жиі қолданбауға тырысыңыз.

Биік тақалы аяқ киім жүктілік кезінде денсаулыққа үлкен қауіп әкелу мүмкін. Сондықтан, жүкті әйелдерге ыңғайлы әрі жай табан аяқ киім киюге кеңес беріледі.

Көп қимылдаңыз. Егер жиі қимылдайтын болсаңыз толғақ пен босану сәті де жеңілірек соғады.

Спортпен шұғылдану. Жүкті әйелдерге арналған аквааэробика, гимнастика немесе бассейннің бірін таңдап, жүйелі түрде спортпен айналысыңыз. Спорт ана үшін де, құрсақтағы бала үшін де ерекше маңызды. Босанғаннан соң формаңызды бұрынғы қалпына тезірек келтіру үшін де спорттың көмектесетінін ұмытпаңыз.

Театр, музей, көрмелерге барыңыз. Жүкті әйелдер негативті нәрселерді емес, әдемілік пен әсемдікті тамашалауы тиіс. Мұндай ерекше кештердің балаңыз үшін де пайдасы зор.

Сүйіктіңізбен бірге демалыңыз. Балалы болған соң, жаңа туған сәбимен бірге саяхаттау біраз қиындық тудырады. Сондықтан, мүмкіншілік болса көңіліңіз қалаған жаққа барып демалған дұрыс.

Жүктілік кезінде фотосессия жасауды да ұмытпаңыз. Фотостудияға жазылар кезде жүктіліктің 5-6 айларында болғаны жөн. Өйткені, суреттен сіздің үлкейіп қалған ішіңіз жақсы көрінеді. Екіқабат кездегі сурет болашақта керемет тарих болары сөзсіз.

Сапалы фото немесе видеокамера сатып алыңыз. Үйге сәби күлкісі келген соң, әрбір ана кәсіби фоторгафқа айналады. Бұйырса, балаңыздың жүз суретін қарап, қайсысы дұрыс деп ойланатын боласыз.

Босанғаннан соң киетін киімдер мен қажетті косметикаларды алдын ала сатып алыңыз. Сәби туылғаннан кецінгі алғашқы айларда дүкенге барудың өзі үлкен қиындық тудырады. Бесік арбаңыз есікке сыймай қалуы мүмкін немесе бала жылаған соң мазаңыз кетеді. Тіпті, дүкен де алыс болуы мүмкін. Сондықтан алдағы уақытта пайдаланатын заттарыңызды ертерек алып қойған жөн.

Балаларға қажетті керек-жарақтың бәрін алып қойыңыз. Әрине, балаға сүт беретін бөтелке мен киімдерін және басқа да керектерін алуды күйеуіңізге сеніп тапсырсаңыз құба-құп. Бірақ көп жағдайда ер адамдар мұндай іспен шұғылданбауы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Еттен жасалатын тағамдар

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?