RU

Атақты Барби қуыршақтары мұсылманға айналды (фото)

Барби қуыршақтары хиджаб мұсылман әлемге танымал Барби қуыршақтарын шығаратын америкалық Mattel компаниясы алғаш рет хиджаб киген ойыншықтарды ұсынды деп хабарлайды Хабар24.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл Барби 2016 жылы АҚШ құрамасының сапында Олимпиада ойындарына алғаш рет орамал тағып шыққан семсерлеуші қыз Ибтихадж Мұхаммадтың құрметіне арналып шығарылған.

Орамалдан басқа қуыршаққа семсерші киімі кигізілген, ал қолына семсер мен шлем ұстатылған.

Айта кетейік, 31 жастағы Мұхаммад Панамерикалық ойындары мен әлем чемпионатында алтын медальдерге ие болған. Сондай-ақ 2016 жылы ол семсерлесуден командалық жарыста қола медальді қанжығасына байлаған.

Тағы оқыңыздар:

Бас прокурор құны 65 миллион еуро тұратын пәтерге қатысты пікір білдірді

Тұрсынғали Алагөзовтен туған балалары теріс айналып, тегін өзгертіп тастаған

Әйелін пышақтап тастаған сақалды жігіттің анасы жылап тұрып оқиғаның мән-жайын айтты

Ақтөбеде ер адам бес баласының анасын сабап жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарған

29 жастағы ана тәртіпке бағынбаған ұлын пешке күйдіріп жазалаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1677490-ataqty-barbi-quyrshaqtary-musylmangha.html