RU

Қарызынан құтылу үшін көшеде қайыр тілеген жалғызбасты кейуана көпшілікті жылатты (фото)

Қайтыс болған ұлының жылдық асын өткізу үшін қарызға белшесінен батқанын айтқан алматылық қария көшеде қайыр тілеп жүр. Бұл туралы Zaira Armiya есімді Facebook қолданушысы өзінің желідегі парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзін суретке түсірмеуді өтініп, жұрт алдында ұятқа қалмауды ойлаған кейуана жағдайын баяндап берген.

"Қайтем енді... Ұлымның жылдығын өткізем деп қарызға кіріп кеттім. Сол қарызымды жапсам, отырмаймын бүйтіп. Үйде от жағам ғой, көмір 25 мың боп кетті, ал пенсиям 23 мың. Өйткені жұмыс істемегем. Күйеуім баяғыда қайтыс болған. Жалғыз қалдым.

Тек көмір жанымды қинап барады, ал тамақтың керегі жоқ, бір нан жауып алсам, сол жетіп жатыр қыстан шыққанға.

Потаға түсірме! Интернетке саласың ба? Керегі жоқ! Ұят болады! Ертең көршілерім көрсе мазақ қылады "неге шулатып қаңғып жүрсің" дейді. Қызылордадағы туыстарым көрсе ұят. "Алматыға көшіп, тозып кетіпті" деп айтады.

Мешіттен көмір сұрап ем, бермеді. "Өзіміздің қарызымыз бар" дейді. Осында азын-аулақ тиын-тебен жинасам, күніне 2 мыңдай, аяз түскенше көмірге құрап алармын...", - дейді қария.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушыларының арасында әжейге көмек қолын созғысы келгендер табылып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ қызы не себепті кәрі қыздар көбейіп кеткенін түсіндірді

Атырауда итті қағып кеткен азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды

Назарбаев премьер-министр Сағынтаевты қабылдап, қорытынды есеп сұрады

Қайрат Әбдірахманов: Қазақстан үкіметі Парижден қымбат пәтер сатып алған жоқ

Ақтөбенің атышулы әкімі Испанов орыс тілінде баяндама жасағаны үшін сынға ұшырады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1677903-qaryzynan-qutylu-ushin-koshede-qayyr-ti.html