RU

Әйелінің атастырылған жігітімен жаға жыртысқан жамбылдық жігіттің басы дауға қалды

Шу аудандық соты қызға таласып, ағайынды жігіттерге оқ атқан Жамбыл облысының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс "Суық қаруды заңсыз алып жүру" және "Бұзақылық" баптары бойынша қаралды.

Осы жылдың шілдесінде сотталушы Жаңа жол ауылында көлікпен келе жатқан. Жолда екі ағайынды ауылдасын жолықтырып, жас жігіттер арасында жанжал шығады. Сотта анықталғандай, сотталушының әйелі бұрын ағайындылардың бірімен атастырылған екен, алайда қыз сотталушымен қашып кетіп, соған тұрмысқа шыққан. Жанжалға осы жағдай себеп болған.

Жігіттер таныстарын шақырып, мәселені елсіз жерде шешпек болады. Төбелес кезінде сотталушы ағайындыларға травматикалық қарудан екі рет оқ атқан.

Ағайындылармен келген жігіттердің бірі жауап ретінде сотталушыны аңшы мылтығымен атқан. Ол көптеген бытыралы жарақат алады. Аңшы мылтығынан оқ атқандардың қылмыстық ісі бөлек қаралып жатыр.

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінді. Сот оны бұзақылық жасады және суық қаруды заңсыз алып жүрді деп тапты.

Ол пробациялық бақылау орнату арқылы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша емін-еркін сөйлейтін америкалық қыз көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бекболат Тілеухан еліміздің бас прокурорының шешендігін жоғары бағалады

Ақтөбе прокурорлары парамен ұсталып қалған әріптестері туралы тіс жармай отыр

Егіз сәбилерін тоңазытқышқа салып өлтірген ерлі-зайыпты өздеріне қол салмақ болған

Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі рет шатастырған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678037-zhambyl-oblysynda-qyzgha-talasyp-aghayy.html