RU

Алматылық келіншек сәбиін қолдан өлтіріп алған дәрігермен екі жылдан бері алысып жүр

Алматы қаласының тұрғыны Балқия Оспанова екі жылдан бері қызының қазасына кінәлі дәрігерді жауапқа тартқыза алмай отырғанын айтты. Сәбидің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің неге әлі күнге дейін сотқа жетпегені түсініксіз деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Балхия  екі жасар Сәуленің дене қызуы көтерілген соң жедел-жәрдем шақырыпты. Айтуынша, дәрігер «қыздың тамағы ғана қызарып тұр» деп дәрі-дәрмек жазып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген. Алайда қызуы дәріден кейін де түспеген соң, жедел жәрдемді қайта шақыртқан. Бұл жолы да осы дәрігер келіп, балаға қатарынан екі екпе жасағанын айтады. Сәлден кейін бала жүріп кеткен.

"Одан баланы моргқа алып кетіп, бір айдан кейін жауаптары келді бізге. Бала уколдан өлген, анафилактикалық шок алған. Басында дәрігер мен ешқандай екпе салмадым деген, бір жылға дейін. Бір жарым жылдан кейін жақында бізден тағы да сұрақ-жауап алынды сонда дәрігер «мен укол салдым, екі укол салдым» деді",- дейді Балқия Оспанова.

Перзентінен айырылған ана дәрігер жаупкершіліктен жалтару үшін «ата-ананың өзі ауруханаға жатудан бас тартты» деген құжат жасатқан дейді.

"Осындай екі жақты сараптамалардың нәтижесінде біз үшінші кешенді сараптама тағайындауды жөн көрдік. Ол Астана қаласында өтетін болды",- деді Алматы қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ал осы қылмыстық іске жауапкер ретінде тартылып отырған жедел жәрдем дәрігері әлі күнге дейін жұмыс істеп жүрген көрінеді. Қылмыстық іс созбалаңға салынып жүргеніне наразы ата-ана бұл іске Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің араласуын сұрайды. Себебі бұған дейін денсаулығында кінарат болмаған бүлдіршінді дәрігер өзі өлітіріп алды деген сенімде.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша емін-еркін сөйлейтін америкалық қыз көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бекболат Тілеухан еліміздің бас прокурорының шешендігін жоғары бағалады

Ақтөбе прокурорлары парамен ұсталып қалған әріптестері туралы тіс жармай отыр

Егіз сәбилерін тоңазытқышқа салып өлтірген ерлі-зайыпты өздеріне қол салмақ болған

Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі рет шатастырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678166-almatylyq-kelinshek-qyzynynh-olimine-k.html