RU

Сарышаян, жұлдыз-жорамал

Сарышаян – жұлдыз-жорамалдағы сегізінші белгі. Ол су белгісі болып есептеледі. Бұл белгіде туылған адамдар қызуқандылығымен, харизмасымен және өз идеясы арқылы өзгелерді тез елітіп алатынымен ерекшеленеді.

Сарышаяндар қоғамда өте белсенді, кез келген істі дөңгелетіп әкетеді. Алайда, өз істері қызықсыз әрі табыссыз болып көрінсе, олар істі соңына дейін апармауы мүмкін.

Сарышаяндар эмоцияға өте көп ерік береді. Олардың кей кездері эмоцияның жетегінде кетіп, ақылды ұмыт қалдыратын кезі көп. Олардың мінезінде сезімталдық та көп міндет атқарады.

Сарышаяндар әдемі өмір мен жайлылықты, сондай-ақ, өмірден ләззат алғанды жақсы көреді. Олардың алға қойған мақсаттары биік, атақ пен даңққа ұмтылады, өз арманына қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Осы мінездеріне қарап оларды қатал, агрессивті деп те атайды.

Қарама-қайшылық пен тұрақсыздық – сарышаяндардың басым бөлігіне тән нәрсе. Сарышаяндарды көп жағдайда көңіл-күйдің адамдары деп жатады. Бір күн ішінде олардың көңіл-күйі мың құбылуы мүмкін. Олар қуанып тұрып мұңайып, кейін еш нәрсе болмағандай сабырлы күйге түсе алады.

Сексуалдылық тұрғысынан да сарышаяндарда көп проблема кездеспейді. Олар өздеріне тез әрі тым қатты ғашық ете алады. Бірақ, көп жағдайда өз таңдауларын жиі өзгертеді.

Сарышаяндардың мінезіндегі жағымсыз қасиеттер деп қызғаншақтық, тез ашулану және тез ренжуді айтуға болады. Олар өздерін басқаға айырбастап кеткендерді кешірмейді.

Тағы оқыңыздар: Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Сарышаян ер адам

Сарышаян белгісіндегі ер адамдар тәуелсіз, шешім қабылдағыш және билікқұмар. Ол өзгелердің пікіріне көп құлақ аса бермейді, тек өзі қажет деп тапқан жайттарды ғана орындайды. Олар тәуекелге жиі барғанды жақсы көреді. Мәселен, экстремалды спорт түрімен айналысу көптеген сарышаяндар үшін қалыпты нәрсе. Сарышаян белгісіндегі ер адамдар көбіне көп дәл қазіргі сәтпен өмір сүреді.

Сарышаян белгісіндегі ер адамдар әйелдерді оңай бағындырады. Олардың харизмасы мен сенімділігінің алдында нәзік жандылардың шарасыз екенін айту керек. Сарышаян белгісіндегі ер адамдар өзінен бас тартқандарға шыдай бермейді. Көп жағдайда тіл табысуға да әрекет етпейді. Олар өздері қалаған нәрсені кез келген тәсілмен қолға түсіруді әдетке айналдырған максималистер.

Сарышаян әйел адам

Сарышаян белгісіндегі әйел адамдар ерекше тартымдылығымен, қайталанбас мінезімен, қызуқандылығымен көзге түседі. Ол бірнеше жігітті өзіне ғашық қылып, өзінің махаббаты үшін талайларды таластырып қояды. Олар сезімге тез беріліп, сүйіктісі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Уақыт өте келе қызғаншақ әрі талап қойғыш болуы мүмкін.

Сарышаян белгісіндегі әйелдерді бірқалыпты қарым-қатынас жалықтырып жіберуі мүмкін. Оларға үнемі жаңа эмоция мен сезім керек. Егер сүйіктісі бұл тұрғыдан ойынан шықпаса, оны басқаға алмастыра салуы мүмкін.

Қарым-қатынасқа келер болсақ, сарышаян белгісіндегі әйелдер сүйіктісінің өзінен төмен тұрып, өзінің бар қалауын орындатқанды жақсы көреді. Ол үнемі елдің назарында болып үйренген. Ол үнемі қозғалыста жүреді, жаңа ортаға тез үйренісіп, кез келген бағыттағы әңгімені жалғап әкетеді. Сарышаян белгісіндегі қыздар көңілді отырыстардан қалмағанды жөн көреді. Сарышаяндар өзіне деген қызығушылықтың көп болғанын қалайды және елдің көзіне түсіп жүреді. Кейде олар басқаның назарын аударту үшін түрлі әрекеттерге баруы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678170-saryshayan-zhuldyz-zhoramal.html