RU

Қазақша емін-еркін сөйлейтін америкалық қыз көпшілікті сүйсінтті (видео)

Желіде америкалық қыздың емін-еркін қазақ тілінде әңгіме айтып отырған видеосы тарады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Видеода Эбби Хомер өзін қазақ тілінде таныстырады. Есімін қазақшалап Әби дейді. Айтуынша елімізде екі рет болған. Қазір қазақ тілі бойынша курста оқиды екен. Ол Қазақстанды өте жақсы көретінін айта келе, таяуда қазақстандықтарға арналған ағылшын тіліндегі семинарға қатысатынын жеткізеді.

"Басқа адамдардың алдында шетел тілінде сөйлеу үшін батылдық керек. Ағылшынша әңгіме айтатын қазақстандықтарды құрметтеймін. Сондықтан қазір мен қазақша әңгіме айтып отырмын", — деген қыз әрі қарай өзі туралы қазақтың бай тілінде суреттеп айтып береді.

Эббидің видеосын көрген желі қолданушылары оған ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін жазып жатты.

"Жарайсыз, Эбби!", "Қазақшаңыз өте жақсы екен!", "Елімізде тұратын өзге ұлттардан жақсы сөйлейді екен!",- деп жазды желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ қызы не себепті кәрі қыздар көбейіп кеткенін түсіндірді

Атырауда итті қағып кеткен азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды

Назарбаев премьер-министр Сағынтаевты қабылдап, қорытынды есеп сұрады

Қайрат Әбдірахманов: Қазақстан үкіметі Парижден қымбат пәтер сатып алған жоқ

Ақтөбенің атышулы әкімі Испанов орыс тілінде баяндама жасағаны үшін сынға ұшырады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678193-qazaqsha-emin-erkin-soyleytin-amerika.html