RU

Назарбаев Қостанайдағы балалар үйінен өзінің "ізбасарын" тауып алды (фото)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рудный балалар үйіндегі "ізбасарымен" жолықты. Жеті жасар Коля Денисов елге президент болғысы келетінін айтып жар салған еді деп хабарлайды КТК арнасы.

"Мен күреспен, тенниспен айналысамын, сурет салу үйірмелеріне барамын. Менің арманым - президент болу. Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев, президент болу үшін не істеу керек?", - деп сұрады бала.

"Мен кім президент болады екен ойланып жүрсем, сен екенсің ғой!", - деп әзілдеді президент.

Қоля бүгінде өзінің "арманына" да жетіп қалды. Мәселен, ол балалар үйіндегі "Шанс" деп аталатын шағын "мемлекеттің" әкімі болып тағайындалған.

Коля сабағын жақсы оқып, спортпен шұғылдана беретінін айтты. Ол осы арқылы өзінің асқақ армандарына қол жеткізетініне сенімді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша емін-еркін сөйлейтін америкалық қыз көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бекболат Тілеухан еліміздің бас прокурорының шешендігін жоғары бағалады

Ақтөбе прокурорлары парамен ұсталып қалған әріптестері туралы тіс жармай отыр

Егіз сәбилерін тоңазытқышқа салып өлтірген ерлі-зайыпты өздеріне қол салмақ болған

Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі рет шатастырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678312-nazarbaev-qostanaydan-ozininh-izbasa.html