RU

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасын министр Абаевтың өзі тексеретін болды

«Еуразия» арнасындағы екі сағаттық ток-шоудың зияндылығы мен ұрпаққа берер кері тәрбиесін айтып "Нұр Отан" партиясына ашық хат жазған блогер атышулы «Қалаулым» бағдарламасы тексерлетінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыған орай бас партия Айгүл Орынбекті Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевпен тікелей эфир ақылы тілдестірген.

«"Қалаулым" бағдарламасы бойынша әлеуметтік желіде де жазбас бұрын осыған қатысты зерттеу де жүргізіп көрдім. Түркия елінен келген бағдарлама екен. Түркияның вице-премьері Numan Kurtuluş бұл бағдарламаға қарсы болып, жабылған. Яғни, жастардың бейпіл, балағат сөздері, төбелесі бағдарламада белең алып кеткеннен кейін "ұлттық мәдениетімізге қарсы" деп жапқан. Енді өзге елде қаңсық дүние бізге таңсық болуда. Жастарымыздың бұзылуына түрткі болып отырған бұл бағдарлама неге бізде көрсетіледі?», - деген сауал қойды Орынбек министрге.

Дәурен Абаев өз кезегінде атышулы ток-шоу туралы алғаш рет естіп тұрғанын мойындап, бағдарламаның қанша уақыт болатынын сұрады.

Бағдарламаның екі сағат 15 минут бойы тікелей эфирде көрсетілетін естіген министр: «Демек халық көреді деген сөз ғой. Біз телеарналарға осыны көрсетіңдер не көрсетпеңдер деп редакция саясатына араласа алмаймыз. Содан кейін сіз арнайы шағым жасасаңыз тексеруге міндеттіміз. Біз оны тексереміз, қараймыз. Айтқаныңыз дұрыс. Бұқаралық ақпарат құралдары бірінші кезекте еліміздің азаматтарының санасын жаңғыртып, тәрбиелеуі керек. Сондықтан бағдарламаның редакторларымен сөйлесуге дайынбыз», - деді Дәурен Абаев.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша емін-еркін сөйлейтін америкалық қыз көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бекболат Тілеухан еліміздің бас прокурорының шешендігін жоғары бағалады

Ақтөбе прокурорлары парамен ұсталып қалған әріптестері туралы тіс жармай отыр

Егіз сәбилерін тоңазытқышқа салып өлтірген ерлі-зайыпты өздеріне қол салмақ болған

Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі рет шатастырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678343-atyshuly-qalaulym-baghdarlamasyn-mi.html