RU

Күйеуін қан-жоса етіп сабаған ашулы келіншектің видеосы желіні дүрліктірді

Әлеуметтік желіде күйеуін сабаған ашулы келіншектің видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бір минутқа созылған бейнежазбада масаң еркектің үстіне шығып алып, шашынан ұстап тұрып бетінен соққылаған әйелдің әрекеті анық көрінеді.

Күйеуін сабап жатып келіншек оны тәрбиелеп әлек, тіпті сөзін түсінбесе әкесін танытатынын да айтуда.

«Кімсің сен маған? Ендігәрі солай жасасаң басыңды жұлып қоямын», - деп ерінің бетінен тоқпақтаған келіншектің әрекеті көпшіліктің жағасын ұстатты. Ал, жарынан таяқ жеп, бетінің быт-шыты шыққан алтын тісті азамат болса «сен маған олай жасама» деген сөзден басқаға шамасы да келмей жатыр.

Facebook қолданушыларының ойы екіге жарылып, бірі күйеуін сабаған әйелді сөксе, енді бірі оны қорғаштап әлек.

«Ішкіш күйеуі соған жеткізген ғой» дегендермен қатар «Ақырзаман деген осы, әйелдің еркектің үстіне шығып алып, сабауы деген не сұмдық?!», - деп шулап жатыр.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі! (18 +)

Тағы оқыңыздар:

ШҚО-да өзіне қол салған 12 жасар жеткіншек өлім алдында хат жазып кеткен

Ресей әскерінің "Ислам мемлекетін" бомбалап жатқаны туралы видео жарық көрді

Ыстықкөлде күйеуін қорғамақ болған әйел аш қасқырды өзі пышақтап тастаған (фото)

Алматылық келіншек сәбиін қолдан өлтіріп алған дәрігермен екі жылдан бері алысып жүр

Қызметкерлеріне атышулы Слекишинаны "зорлатып қойған" түрме бастығы сотталып тынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678650-kuyeuin-qan-zhosa-etip-sabaghan-ashuly-ke.html