RU

Шымкенттік ене аяғы ауыр келінін ақша таппағаны үшін үйінен қуып шықты (фото)

Шымкентте аяғы ауыр келіншекті енесі айлығын бермегені үшін бір жасар баласымен бірге үйінен қуып шықты. Емізулі баласының барына қарамастан енесінің бұйрығымен жұмысқа шыққан келіншек, жатырындағы баласына түсік жасатпақ деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бір ай бұрын жұмысқа орналасқан Зылиха еңбек ақысын қарыздарына таратып, отбасына ақша әкеліп бере алмаған. Оның жалақысы қолына тимеген ене келінін бір жасар баласымен үйінен қуып жіберген.

Зылиханың айтуынша,  енесі бір жастағы емізулі баласының барына қарамастан, оны жұмысқа шығуға мәжбүрлепті. Осылайша ол балабақшалардың біріне бала күтуші болып орналасады.

"Жұмысқа тұру үшін құжат әзірлеп, таныстарымнан қарызға ақша сұрадым. Бір айдан кейін алғашқы жалақымды алған соң қарыздарымды өтеп, бір тиынсыз қалдым. Мұны естіген енем күннің суығына қарамастан бір жасар баламмен үйден қуып жіберді",- дейді Зылиха.

Ал келіншектің күйеуі анасының айтқанынан шыға алмаған көрінеді. Отбасындағы жалғыз ер-азамат әйелін қорғамақ түгілі анасымен қосылып, жарына күн көрсетпейтінін айтады келіншек.

Зылиханың айтуынша, күйеуі маскүнем. Ішімдікке сылқия тойып алатын отағасы отбасының шырқын бұзып, күнде ұрыс шығарады. Ол тіптен кішкентай қызына дейін балағаттап, қол көтеруге барады екен.

Бір жасар қызымен далада қалған келіншек Шымкенттегі Дағдарыс орталығына орналастырылды. Зылиханың өзі отбасына қайта бармауға шешім қабылдады. Бірақ, айтуынша, қазіргі таңда аяғы ауыр.

Бір баласымен өлместің күйін кешіп жүрген ана жатырындағы сәбиді дүниеге әкелуден қорқып жүр.

Сондықтан, түсік жасаудан басқа амалым жоқ дейді.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

Павлодар облысында жас жігіт 82 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталды

Жат ағымнан шығып, көзі ашылған ақтөбелік жігіт сұмдық жайттардың басын ашты (видео)

Қытайдан арнайы келген ғалым Шымкенттің мұнтаздай тазалығына таңдай қақты (фото)

Күйеуін қан-жоса етіп сабаған ашулы келіншектің видеосы желіні дүрліктірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1678871-shymkenttik-ene-ayaghy-auyr-kelinin-aqsha.html