RU

Алматыда суық қару ұстап, елдің зәре-құтын қашырған күдікті мәлімдеме жасады

Қымбат көлігіне қару-жарақ толтырып алып Алматының тынышын алған күдіктілер мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Азаматтардың бірі алдағы екі айын абақтыда өткізеді. Сот заңсыз қару сақтады деп айыпталып жатқан Дәурен Әлеухановты қамау туралы санкция берді. 13 қарашада қаланың қақ ортасында арнайы операция өткен еді. Нәтижесінде мұздай қаруланған екі азамат заң қызметкерлерінен қашамын деп, алысқа ұзамай қолға түскен болатын. Олар енді тергеліп жатыр.

Полицейлерден қашамын деп тұтылғандардың бірі Дәурен Әлеуханов. 23 жастағы Шымкенттің тумасы Алматыға Дастан есімді досына қонаққа келген екен. Айтуынша өзі тізгіндеген қару толы қара джип та осы танысына тиесілі. Осындай уәж айтқан ол өзін сот залында еркін ұстады. Сондай-ақ, ол  тағылған айыптардың ешқайсысымен келіскен жоқ. Тіпті, жүргізуші орындығынан астынан табылған Ф-1 әскери гранатасын бірінші рет көрдім деп шаң жуытар емес. Керісінше, тұтқындау кезінде асыра сілтеу болды дегенді айтады.

"Мені ұстап алған кезде 1,5 сағат жерде жаттым. Аузымнан қан ағып кетті. Қолым байлаулы ғой. Қолыма лак сияқты бірнәрсе жақты"- деді күдікті Дәурен Әлеуханов.

Десе де, еш жерде жұмыс істемейтін күдікті бұған дейін де заңсыз қару сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Қорғаушы Әлеухановты тергеу аяқталғанша кепілдікпен жіберуді сұрады. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

"Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны туралы күдік келтірілген Дәурен Әлеухановты екі ай қамауға санкция берілсін. 33/02 Әлеуханов ЛА155/1 түзету мекемесінде қамауда ұсталсын", - деді судья Әділ Бакин.

Ал екінші күдікті Мәрлен Шалабаев болса сот залында мүлдем төбе көрсеткен жоқ. 1969 жылы туған ол да Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Алматылықтардың зәресін қашырған арнайы операция 13 қараша күні болған-ды. Қаланың қақ ортасында оқ атты деген күдікпен екі азаматы ұсталды. Олардың көлігінен автомат, оқ-дәрі, пышақ және оқ өткізбейтін кеудеше табылған. Кейіннен полиция атыс туралы ақпаратты теріске шығарған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Әбдірахманов: Атамбаевтың сөзі зайырлы мемлекет басшысының мәртебесіне сай емес

Қызылордада он күндей комада жатқан сәби қасиетті Құранның арқасында көзін ашқан (фото)

Шымкенттік ене аяғы ауыр келінін ақша таппағаны үшін үйінен қуып шықты (фото)

"Музарт" тобының әншісі ай сайынғы отбасылық шығыны екі млн теңге екенін айтты

Қария ұлын өлтірген қылмыскер Құранды жаттап алса оған кешірім бермекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1679512-almatyda-suyq-qaru-ustap-eldinh-zare-qu.html