RU

Астананың ең сұлу аруы атанған бойжеткеннің суреттері елді естен тандырды

Кеше Астанада "Астана аруы-2017" сұлулық байқауы болып өтті. Елорданың ең сұлу аруы атағын 21 жастағы Нұрсұлу Бегжанова жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Желіде жас бойжеткеннің Instagram парақшасындағы суреттері талқыға салынды.

Нұрсұлу - Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті.

Жеңімпаз Instagram желісінің белсенді қолданушысы. Ол фототүсірілімдерге түсіп, сексуалды суреттерін желіге үнемі жүктеп отырады.

Желідегі суреттеріне қарап, оның атқа мінгенді жақсы көретінін аңғаруға болады.

Нұрсұлудың аккаунтына 32 мыңнан астам қолданушы тіркеліп, оның өміріне қызығушылық танытқан.

Нұрсұлудың айтуынша, сұлулық байқауындағы жеңістен кейін оның өзіне деген сенімі де арта түскен.П

"Мен өзімді бұрынғыдан да әдемірек болып кеткенімді байқаймын. Мен бұл жеңісімді Астана қаласына арнаймын", - деді ол.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев: Біз ДАИШ-ты жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз

Досаев Парижден қыруар ақшаға пәтер алған шенеунік туралы ақпаратқа пікір білдірді

Оралда екі баланың анасын қағып өлтірген танымал кәсіпкер қамауға алынды (фото)

Алматыда суық қару ұстап, елдің зәре-құтын қашырған күдікті мәлімдеме жасады

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы отқа оранып, күлге айналды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1679914-astananynh-enh-sulu-aruy-atanghan-boyzhet.html