RU

Ақтөбеде 45 жастағы Тайлаққа жеңгелері отырып қалған қыз іздеп жатыр (фото)

Ақтөбелік тұрғын 45 жастағы қайын інісіне келіншек болатын қыз іздеп жүр. Хабарландыру әлеуметтік желіге ілінген деп хабарлайды NUR.KZ.

«Саламатсыздар ма, бір тайлақ ініме қыз іздеп жүрмін. Жасы 45-те. Жақсы келін болатын отырып қалған қыз… Ыңғайсыздау болса да іздеп көрейік, мүмкін екі адамның сауабына қалармыз», - деген жазба Instagram желісінде пайда болған.

Жеңгелері қызды өздері таңдап, жігітпен соңында кездестіретінін айтады. Талап жоқ емес.

«Тұрмысқа шыққан, баласы бар қыз керек емес. Менің інім үйленбеген, вахтада жұмыс істейді. Үйі бар, әке-шешесі қайтыс болған. Жігіт жалғыз тұрады. Жүріп қалған соң қиын. Сондықтан қыз іздеуге өзіміз кірісіп жатырмыз. Ініміз баласы бар қызға жолағысы келмейді. Менде осындай қыз таңдап жүріп қалған інілерім көп. Алдымен осы үлкенін үйлендіріп алсақ, қалғандарына да іздейміз», - дейді жігіттің жеңгелері.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев: 400-дей қазақстандық ДАИШ-тің құрығына түскен

Алматыда бұлақтікі деп кранның суын сатқандар жұртты шошытты (фото)

Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында тағы бір адам кінәсін мойындады

Роналду: Жеті балам мен жеті "Алтын добым" болғанын қалаймын

Америкалық әйел бір-ақ күнде миллионер атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1679952-aqtobede-45-zhastaghy-taylaqqa-zhenhgeleri-3.html