RU

Ақмола облысында сүйіктісіне ренжіген жігіт оның интимдік суреттерін жалпақ жұртқа көрсетті

Ақмола облысында сүйіктісімен айырылысқанына ренжіген жас жігіт бұрынғы ғашығының интимдік суреттерін жалпақ жұртқа көрсетіп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

18 жастағы жігіт 19 жастағы ғашығымен айырылысуды қаламайды. Алайда жас қыз онымен қайта бірге болудан түбегейлі бас тартқан.

Бұған ашуланған азамат қыздың жалаңаш түскен суреттерін интернетке жариялап жібереді. Суреттер туралы біліп қойған бойжеткен бірден полицияға жүгінген.

Енді порноматериалдарды заңсыз таратқан жігіт қылмыстық жазаға тартылатын болады. Ол кемінде 2000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Күдікті, сонымен қатар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев: 400-дей қазақстандық ДАИШ-тің құрығына түскен

Алматыда бұлақтікі деп кранның суын сатқандар жұртты шошытты (фото)

Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында тағы бір адам кінәсін мойындады

Роналду: Жеті балам мен жеті "Алтын добым" болғанын қалаймын

Америкалық әйел бір-ақ күнде миллионер атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1679972-aqmola-oblysynda-suyiktisine-renzhig.html