RU

50 мың доллардай шығынға батқан продюсер әйгілі әншіні сотқа бермек

Nigora Media Group компаниясының басшысы Нигора Соимның мәлімдеуінше, әнші Арашты сотқа беруге барлық құжаттары дайын тұр. Өзбек продюсерінің айтуынша, Ташкенттегі концертін ауыстыруына байланысты ол 50 мың доллардай шығынға батқан деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Араштың концерті Ташкентте 13 қазанда өтуі тиіс болған, кейін 31 қазанға ауыстырылды.

"Келісімге сәйкес, Араштың гонорарын елу пайызын алдын ала төлеп бастадым. Менде банк құжаттары бар. Бірақ Араш келмеді. Концертті кейінге қалдырдық. Мен көрермендерге ақшасын қайтарып беруге мәжбүр болдым", - дейді Нигора Соим.

Концерттен бір күн бұрын Араш Ташкентке келуден бас тартқан. Ол өзбек ұйымдастырушылары әнші талаптарының барлығын орындамады деп отыр.

"Олар гонорарды толық төлемеді. Сол себепті біз концерттен бас тарттық", – дейді Араштың продюсері.

Тағы оқыңыздар:

Алматы жезөкшелері ел бюджетін 5 млн теңгеге толтырмақ (фото)

Ақтөбеде 45 жастағы Тайлаққа жеңгелері отырып қалған қыз іздеп жатыр (фото)

Әйелін пышақтап тастаған шымкенттік жігіт видеоның қалай тарап кеткенін білмейді

Астананың ең сұлу аруы атанған бойжеткеннің суреттері елді естен тандырды

Ақмола облысында сүйіктісіне ренжіген жігіт оның интимдік суреттерін жалпақ жұртқа көрсетті

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1680074-50-mynh-dollarday-shyghyngha-batqan-prodyuse.html