Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінде ит ұстайтын адамдардың басқаларға қарағанда ұзақ өмір сүретіні дәлелденді

Опубликовано:

Ит ұстайтын адамдар өзгелерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді екен. Ғалымдар мұның нақты себебін әлі таппаған. Бұл туралы Scientific Reports журналында ғылыми мақала шықты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің деректерімізге сүйенсек, ит асырау адамдардың мезгілсіз қаза болу қаупін 33%-ға қысқартады және жүрек-қан тамырлары ауруын 11%-ға азайтады. Ең қызығы, біз бұрыннан білетін жалғыз басты адамдардың өміріне жақсы әсер еткен. Олар отбасының басқа мүшелеріне қарағанда ұзақ өмір сүреді», - деді Упсал университетінің (Швеция) маманы Мвенья Мубанга (Mwenya Mubanga).

Көптеген биолог және псиолог ғалымдар адамдармен қарым-қатынас жасау иттердің өмірінде маңызды рөл ойнайды деген қорытынды шығарды.

Мәселен, нейрофизиологтар иттер өз қожайындары айтқан сөздердің интонациясы мен мағынасын түсінеді, олар адамдармен тек тамақ үшін емес, өзіне назар аударып, жақсы эмоция алу үшін қарым-қатынасқа түседі дегенді анықтады.

Иттер таныс және бейтаныс адамның жүзіндегі кез келген эмоцияны ажырата алады. Сондай-ақ, «керек емес» ақпаратты да еске сақтап қалады және оны иесімен қарым-қатынас кезінде пайдаланады екен.

Зерттеу көрсеткендей, ит адамның денсаулығына өте жағымды әсер ететін болып шықты. Ит асырайтындар басқаларға қарағанда айтарлықтай ұзақ өмір сүреді және олардың мезгілінен бұрын өлуі де едәуір сирек.

Бір қызығы, бұған иттің қандай тұқым екені де әсер етеді екен – декоативті және қалалық ит ұстайтындарға қарағанда аңшы ит ұстайтындар орташа алғанда ұзағырақ өмір сүреді.

Тағы оқыңыздар:

Перуде футбол жанкүйерлерінің қуанышынан соң жер сілкінді

Бауыржан Байбек кеш батқанда Алматының төменгі бөлігін аралап қайтты 

Ауылда жүре бергеннен әбден мезі болған оқушы қыз Алматыға тайып тұрған 

Қостанайда бас дәрігерді 30 жерден пышақтатып өлтірген әріптесі сотталып кетті

ОҚО-да немересін ұмытып, көшенің ортасында ұйықтап қалған әйел жауапқа тартылды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1680794-uyinde-ustaytyn-adamdardynh-basqal/

pixel