RU

Алматыда жолда жүру жылдамдығы әр жолақта әр түрлі болмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет қаулысымен жол жүру ережесіне өзгерістер енгізілуде. Бір бағыт бойынша үш жолақпен жүйткіген көліктер, енді белгіге сай әр түрлі жылдамдықпен қозғалуы тиіс. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұрын бір қиылыстан екіншісіне дейін максималды түрде бір жылдамдықпен жүру керек деп көрсетілетін. Енді бір бағыттағы үш жолақта түрлі жылдамдық белгіленеді. Мысалы, оң жақтағы бірінші жолақта 40 десек, екіншісінде 60, ал үшінші жолақта сағатына 80 шақырыммен жүре аласың", - дейді ІІД басқарма бастығының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

Қаланың көшелерінде тұратын «Крис-П» бейне-бақылау қондырғысының қаншалықты заңды орантылғанын сұрағандарға тәртіп сақшылары жылдамдықты асыратындарды кінәлады.

"Әл-Фарабидің бойында мәселен 80 шақырым. Өзіңіз айтып отырғандай. Бірақ, жүргізушілер жылдамдықты асырып, 100-120 жүреді де, камераға түседі. Сосын, неге мына жерге «Крис-П» қойып қойдыңдар деп шағымданады", - дейді Жандос Мұратәлиев.

Тағы оқыңыздар:

Перуде футбол жанкүйерлерінің қуанышынан соң жер сілкінді

Бауыржан Байбек кеш батқанда Алматының төменгі бөлігін аралап қайтты 

Ауылда жүре бергеннен әбден мезі болған оқушы қыз Алматыға тайып тұрған 

Қостанайда бас дәрігерді 30 жерден пышақтатып өлтірген әріптесі сотталып кетті

ОҚО-да немересін ұмытып, көшенің ортасында ұйықтап қалған әйел жауапқа тартылды

 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жолда жүру жылдамдығы әр жолақта әр түрлі болмақ
Mailfire view pixel