RU

Оңтүстік Қазақстанда әкім ауылдасын соққыға жықты деп айыпталып жатыр

ОҚО-да Ақсу Жабағылы тұрғыны Асқар Қойлыбаев Майлыкент ауылдық аймағының басшысы Келесбек Жартыбаев ұлы және күйеу баласымен бірге оны соққыға жыққанын айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғынды аяусыз соққыға жыққандар оның аяғын күрекпен ұрып, сындырып тастаған көрінеді. Емханада жатқан жігітке ақ халаттырлар кемі екі жылдай жүру мүмкіндігінен айырылғанын айтқан. Ал әкім болса, бұл жайтты жала деп, кінәсін мойындамай отыр.

Әкімнен таяқ жедім деген 37 жастағы Асқар Қойлыбаев төсек тартып қалған. Асқар туған анасынан қалған үйін Келесбек Жартыбаевтың немере қарындасы алғанын айтуда. Үйімде қалып қойған ұсақ-түйегімді алмақ болғанда әкім ұлымен және күйеу баласымен бірге мені соққыға жықты деп отыр. Ол бұл жайт үйдің жаңа иесі әлгі заттарды беруді қаламағандықтан болды деп топшылауда.

"Баласы кеп артымнан құшақтады да, қатты балағаттады. Мен жұлқынып кете қояйын деп едім, тура сарайдың бұрышында күрекпен баласы артымнан ұстап тұрды. Әкім тура тіземнен тура ұшымен ұрды", - дейді Асқар.

Екі апта бұрын соққыға жығылған азаматтың сол тізесі сынған. Жүк көлігін айдап, нәпақасын тауып жүрген Асқар енді үш баласын қалай асырарын білмей отыр. Әкім кешірім сұрамақ түгілі, қоқан-лоққы көрсетіп жүр дейді.

Екі рет облыстық мәслихатқа депутат болып үлгерген Жартыбаев болса, өзіне неліктен жала жабылғанын түсінбейтінін алға тартуда. 

«Қасақана орта дәрежедегі дене жарақатын салу» бабы бойынша іс қозғалған. Ал Келесбек Жартыбаевтың өзі арына кір келтірілгенін айтып, ауылдасының үстінен сотқа шағым түсірмек.

Тағы оқыңыздар:

Перуде футбол жанкүйерлерінің қуанышынан соң жер сілкінді

Бауыржан Байбек кеш батқанда Алматының төменгі бөлігін аралап қайтты 

Ауылда жүре бергеннен әбден мезі болған оқушы қыз Алматыға тайып тұрған 

Қостанайда бас дәрігерді 30 жерден пышақтатып өлтірген әріптесі сотталып кетті

ОҚО-да немересін ұмытып, көшенің ортасында ұйықтап қалған әйел жауапқа тартылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1680934-onhtustik-qazaqstanda-akim-auyldasyn.html