RU

Түймебаев: Алпауыт елдердің жері тозған соң қытайлықтар бізге көз тігіп отыр

Қазақстанның кең байтақ, ұлан-асыр жеріне бүкіл əлем елдері көз тігіп отыр. Əсіресе, көршілес Қытай елінің біздің жерімізге деген назары ерекше. ОҚО-да өткен мəжілісте өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осылай мəлімдеді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Оңтүстік Қазақстан облысында қазба байлықтары көп емес. Сондықтан жерді еміп, жұмыс істеуіміз қажет. Бізді жер асырап отыр. Тағы да қайталап айтамын, бүкіл дүниедегі үлкен мемлекеттердің жерінің бəрі тозып бітті. Дүниенің көзі – Ресей мен Қазақстанда. Біздің жеріміз құнарлы.

Соны жақсылап пайдаланыңыздар. Көрші мемлекеттер бізге көз тігуде. Қытайдан бастап. Бірінші кезекте – Қытай көз тігіп отыр», - деген əкім облыстағы ауылшаруашылық жерлерінің игерілуіне көңілі толмайтынын айтты.

Оның сөзінше, ауылдардағы үйіргелік жерлерде жылыжай ісін дамытып, тамшылатып, жаңбырлатып суғару əдісін енгізу шарт.

«Осылайша тек өзімізді ғана емес, өзгені де асыраймыз. Бұдан кейін мұндай салақтыққа баруға болмайды», -деген Түймебаев аудан-қала əкімдеріне халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Жылыжай ісін дамытуға инвесторлардың келуін күтіп отырмыз» деген уәж айтқан аудан әкімдерін облыс басшысы «Оңтүстікте 3 млн халық тұрамыз. Бірақ, сіздер басқа жақтан инвестор күтіп отырсыздар. Субсидияны біз береміз. Мақсатымыз - жергілікті халық жұмыс істеуі қажет. Сонда халық пайдасын көреді. Енді мұндай  шаруаға қатысты ондай сөзді естімейтін болайын. Инвестор керек, аспаннан түседі. Бұл не деген масқара?!», - деп тоқтатып тастады.

Бұған дейін облыста «Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында негізгі жеті міндет анықталған. Облыстық табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Иляс Құрамысов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың есептерін тыңдаған əкім сол жеті міндеттің ешқайсысы толық орындалмағанына қынжылыс білдірді.

Сондықтан, əкім еш нəтиже жоқ екенін айтып, атқарылған жұмыстарды «қанағаттанарлықсыз» деп бағалап, есепті қабылдамай қойды.

Еске салсақ, ОҚО əкімі Түймебаев мұның алдын Шымкенттегі зауытта 3 мың қытайлықтың жұмыс істейтінін естіген кезде шошып кеткен болатын.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда алапат өрт болып, оннан астам көлік жанып кетті

Әлемдік турнеге аттанған Димаш Құдайберген Голливудты бағындырды

Бірнеше көлік соқтығысқан жерде селфи жасаған журналист жұмыстан қуылды

Үйде ит ұстайтын адамдардың басқаларға қарағанда ұзақ өмір сүретіні анықталды

Жаппай тексеріс жүргізген Бас прокуратура қызметкерлер қатарын "тазалап" шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1681147-oqo-akimi-tuymebaev-qytay-eli-bizdinh-zh.html