RU

Тұрсынғали Алагөзов екі бірдей қылмыстық іс жасады деген күдікке ілінді

Атақты продюсер Баян Есентаеваның күйеу жігіті Тұрсынғали Алагөзов екі қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді. ҰҚК шекара қызметіндегілер Алагөзовтің екі төлқұжаты бар болып шыққанын мәлімдеді деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белгілі болғандай, бұл туралы кезінде Алагөзовтің өзі басқарған Galanz bottlers акционерлік қоғамының қызметкерлері хабарлаған.

Төлқұжат туралы ақпаратты бірінші болып оның компаниясына белгісіз еріктілер жіберіпті.

Тұрсынғали Алагөзовтің өзі болса жауап алу кезінде барлық тағылған айыптарды жоққа шығарып, төлқұжаттарды бірінші рет көріп тұрғанын айтқан. 

Аталмыш іс 15 тамызға дейін ашылған. Тергеу барысында құжаттардың қолдан жасалғанын дәлелдеген криминалисттік-техникалық сараптама жүргізілді.

Сондай-ақ полицейлер төлқұжаттың шынайы иесін тауып алған. Алайда, оның құжаттары өзінде болып шықты. Қазір шекарашылар табылған төлқұжаттың кімге тиесілі екенін анықтау үстінде.

Ал екінші қылмыстық іс 19 қазан күні басталған. Сол уақытта жанына бірнеше жігіт ертіп алған Алагөзов Galanz bottlers зауытына кіріп, кассаны алып кетпек болыпты. 

Копирование и использование данной информации возможно только с разрешения ТОО "Издательство "Время".

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда көшенің қақ ортасында оқ атқан жігіт сыра ішіп отқанда ұсталды

Түймебаев: Үлкен елдердің жері тозған соң қытайлықтар бізге көз тігіп отыр

Бірнеше көлік соқтығысқан жерде селфи жасаған журналист жұмыстан қуылған

Жаппай тексеріс жүргізген Бас прокуратура қызметкерлер қатарын "тазалап" шықты

"Адам болған соң, кейде ренжисің": Ақтөбе әкімі өзін сынай беретіндерге өкпесін жеткізді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1681196-tursynghali-alagozov-eki-birdey-qylmy.html