RU

Қарағандыда вагон үстінде селфи жасамақ болған жеткіншектер тоққа түсіп қалды

Қарағандыда жүк вагонының үстінде селфи жасамақ болған 14 жастағы екі жасөспірім ажал құша жаздады. Бұл туралы ekaraganda.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға 17 қараша күні кешке таман болған.

Кәмелеттік жасқа толмаған екі жеткіншек теміржол станциясының жолында тұрған жүк вагонының үстінде селфи жасаймыз деп күші 27 мың вольттық тоққа түсіп қалған.

Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Теміржол станциясы өкілдерінің айтуынша, балалардың бірінің денесінің 65 пайызын күйік шалған, ал екіншісінің жарақаты жеңіл.

Тағы оқыңыздар: 

"Әлем аруы-2017" атағын үндістандық бойжеткен жеңіп алды (фото, видео)

Трамптың тойынан кейін 12 жыл бойы сақталған торт 2240 долларға сатылып кетті (фото)

Есектегі ханзада: Ауылдағы ерекше той желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Иесін сағынған ит құсадан қайтыс болды (фото)

Атырауда сәбиі шетінеп кеткен 40 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1681291-qaraghandyda-vagon-ustinde-selfi-zhasa.html