Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғындар 10 баланы өрттен құтқарған "батыр" бомждың былығын әшкереледі (фото)

Опубликовано:

Үйлері өртенген алматылық алты отбасы мүшелері ғаламтор желісінде «Батыр» атанған бомждың былығын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Баспанасыз қалғандардың сөзінше, «жанып жатқан үйден он баланы құтқардым» деген қаңғыбастың сөзі қып-қызыл өтірік.

«Өрт сенбі күні таңғы сағат ондардың шамасында шеткі үйдегі электр тоғынан шыққан. Оны алғаш Мәншүк Темірханова көрген. Балалары ұйқыдан енді тұрған екен, Мәншүк терезенің пердесін ашқанда көрші үйдің шатыры лапылдап жанып жатқан.

Сосын ол: «Өрт, өрт, қашыңдар!» деп айқай салды. Барлығымыз үстіміздегі кимімізбен далаға атып шықтық. Мен екі баламды құшақтап далаға шығарып, үйге кіріп құжаттарды іздедім. Мәншүк бес баласын өзі көтеріп шықты. Қуаныш деген көршіміз де үш қызын өзі үйден шығарды. Сол көшенің бойындағы бір көршіміз балалардың барлығын үйіне кіргізген соң, біз өрт сөндіруге кеттік.

Жаңалықтардан «БОМЖ балалардың өрттен аман алып қалды» деген мақаланы оқып, талып қала жаздадық. Батыр атанған қаңғыбас осы жерге өрт сөндірушілерден соң келіп, әрлі-берлі жүргенін көрдік. Онда да бізге көмектесу үшін емес, үйдің жанында қоқыс жәшігі бар. Сол жерден олар таңертең келіп бөтелке тереді», - деп ашынды баспанасыз қалған Орынбасар Мамытов.

Тілсіз жау үш бірдей отбасыны далада қалдырды. Барлығының үстілеріндегі бір киімнен басқа дүние-мүлкі түгелдей жанып кеткендіктен, балалары сабаққа бармақ түгіл, далаға шыға алмай отыр.

«Бес баламызбен далада қалдық. Пәтер ақыны да алдын ала төлеп қойған едік. Қожайынға хабарлассақ «аяғым ауырып жатыр, қайда барсаң онда бар» деді. Баспана ескі, ағаштан салынғандықтан әп-сәтте жанып кетіпті. Бірінші шатыры өртеніп ішіне опырылып құлаған.

Мен өзім бір мекеменің ауласын сыпырушы едім. Үйде жарым Мәншүк болған. Барлығының тірі қалғанына «тәубе» деймін, алайда балалардың үстіндегі кимінен басқа дымы қалған жоқ, бәрі өртенді.

Тіпті, несиеге алған тұрмыстық техникаларға дейін жанған. Ал оның несиелері мойнымда қалды. Енді қайда барып күн көріп, қалай жан бағамыз», - деп еңкілдеп жылады Әбілбек Нұрпейісов.

Бір күнде қаңғыбастар қатарына қосылған қос отбасы бірігіп, туыстарының кішкене пәтеріне уақытша орналасқан. Көлемі 20 шаршы метр болатын үйде қазір 11 бала мен алты ата-ана сығылысып тұрып жатыр.

Тілшілерге "бүлдіршіндері тілсіз жаудан құтқардым" деп сұқбат берген қаңғыбас азаматты бізде іздегенмен таба алмадық.  Ал оның не үшін жалған сұқбат бергені әзірге белгісіз. Тағы бір айта кетерлігі тілсіз жау жапсарлана салынған алты баспананың 300 шаршы метрін күлге айналдырған.

Естеріңізге сала кетсек,  сенбі күні отандық БАҚ-тың бетін «Алматыда тұрғылықты мекен-жайы жоқ ер адам өрт сөндірушілер келгенше он баланы жанып жатқан үйден алып шықты» деген мақала тарап, халық бір ауыздан қаңғыбасты «Батырға» балаған болатын. Тіпті, кейбір белсенді азаматтар әлеуметтік желіде қала әкімі Бауыржан Байбектен  құтқарушыға лайықты құрмет көрсетіп, үй сыйлауын да сұраған болатын.

Далада қалған отбасыға көмектесем деушілер: +77789642711, +77752920876 телефонына хабарласуға болады. 

Тағы оқыңыздар:

Атышулы "төрт ағайындының" басшысы сотта неше баласы барын ұмытып қалғанын айтты

Дәурен Абаев ЦОН-нан жеке мәліметтерді «жасырын алу» жайттарына қатысты пікір білдірді

Канеломен тең түскен Головкин реваншта нокаутқа түсіретініне сенімді емес

Айфонын қуаттамақ болған жеткіншек тоққа түсіп, мерт болды

Адам өмірін ұзартудың ең оңай жолы табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1681925-turghyndar-10-balany-ortten-qutqarghan-ba/

pixel