RU

Айфонын қуаттамақ болған жеткіншек тоққа түсіп, мерт болды

Вьетнамда Айфонын қуаттамақ болған жеткіншек тоққа түсіп, қаза тапты. Бұл туралы NUR.KZ порталы vesti.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

14 жастағы қыз болжам бойынша, Айфонға тиесілі емес арзан қуаттаушы құрал сатып алған. Ол қуаттаушы сымның үзілгелі тұрғанына қарамастан, телефонын қуаттауды тоқтатпапты.

Тіпті қуаттағышты изолентамен орап, телефонын қуаттау сәтінде қойнына алып жатқан екен.

Ата-анасы қызының жансыз денесін төсегінен таба салысымен, жедел жәрдем шақырады. Өкінішке қарай жеткіншекті құтқару мүмкін болмады.

Айфонмен ұйықтаған қызды қатты тоқ ұрған. Желіде жеткіншектің өмірін жалмаған қуаттағыш құралдың фотосы тарап кетті.

Тағы оқыңыздар:

Тауықты өлімші етіп зорлаған 14 жастағы жеткіншек сотталып кетті

Ауыр дертке шалдыққан бойжеткен өмірінің соңғы кешін дүркіретіп өткізді

Тәжікстанда радиолардың барлығына президент шығармаларын оқуды міндеттеді

Қазақстандық жұлдыздар халықтың көңілінен шықпай қалудан қорқатындарын айтты

Атышулы "Ninety One" тобын жарыққа шығарған продюсер төртінші рет әке атанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1681930-ayfonyn-quattamaq-bolghan-zhetkinshek-t.html