RU

Жақсы баға үшін оқушыларын өзімен төсектес болуға мәжбүрлеген ұстаз жаға ұстатты (фото)

Колумбияның Медельин қаласында тұратын 40 жастағы ұстаз оқушыларын жақсы баға үшін өзімен төсектес болуға мәжбүрлеп келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, мұғалім 16 жастағы балаларға алдымен ұятсыз фотоларын жіберіп отырған. WhatsApp арқылы оқушыларды өзімен төсектес болуға шақырған ұстаз бас тартқандарға қоқан-лоққы көрсетіп келіпті.

Онымен жыныстық қатынасқа түскісі келмеген балалар емтиханда жаман баға алып отырған. Ал бестіктер тек ұстаздың "көңілін тапқандарға" бұйырып отырыпты.

Жеткіншектердің ата-аналары бұл жайттан бейхабар болған. Алайда бір күні ата-аналардың бірі баласының ұялы телефонынан ұстазының ұятсыз фотоларын көріп қалады.

Бүгінде жеткіншектермен төсектес болған әйел қамауға алынған. Ал оның күйеуі бұл жайтты біле салысымен, ажырасып кетеді. Ұстаз кемінде 40 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Атышулы "төрт ағайындының" басшысы сотта неше баласы барын ұмытып қалғанын айтты

Дәурен Абаев ЦОН-нан жеке мәліметтерді «жасырын алу» жайттарына қатысты пікір білдірді

Канеломен тең түскен Головкин реваншта нокаутқа түсіретініне сенімді емес

Айфонын қуаттамақ болған жеткіншек тоққа түсіп, мерт болды

Адам өмірін ұзартудың ең оңай жолы табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1682164-zhaqsy-bagha-ushin-oqushylaryn-ozimen-tos.html