RU

"Оңай" картасын неліктен кондуктордың қолына беруге болмайды? (фото)

NUR.KZ оқырманы WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне суреттерді жолдай отырып, автобустағы кондуктор оның картасынан артық ақша ұстап қалғанын мәлімдеді.

"Оңайдан ақша жоғалатыны туралы жиі шағымдар еститінмін. Алайда өзімнің басымнан өтпейінше, сенбей келдім. 14 қараша күні таңертең екі автобуспен жұмысыма жол тартқан едім.

Алдымен 38 автобус қажет аялдамаға дейін жеткізді. Келесі 37 автобусқа отырып, жолақымды төлеп едім, кондуктор карточкамды тексеру үшін беруін сұрады", - деп есіне алды оқырман.

"Кешке мен картадағы бірлігімді тексермек болдым. Тексергенде кондуктордың картамнан тағы 80 теңге ұстап қалғанын білдім. Себебі, картамдағы есепке сәйкес мен сағат 8:11-де 37 автобуспен қатар №2 автобуста да отырған болып шықтым", - дейді әйел.

"Оңайдың" ресми өкілі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Кондукторлар жолаушылардың картасын қолына алуға құқы жоқ. "Оңай" картасын тек бақылау қызметіндегілер тексере алады. Бұл жағдайда кондуктордың әрекетінен ақша жоғалып отырған болуы керек", - дейді холдингтің баспасөз қызметінде.

Тағы оқыңыздар:

Атышулы "төрт ағайындының" басшысы сотта неше баласы барын ұмытып қалғанын айтты

Дәурен Абаев ЦОН-нан жеке мәліметтерді «жасырын алу» жайттарына қатысты пікір білдірді

Канеломен тең түскен Головкин реваншта нокаутқа түсіретініне сенімді емес

Айфонын қуаттамақ болған жеткіншек тоққа түсіп, мерт болды

Адам өмірін ұзартудың ең оңай жолы табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1682245-onhay-kartasynan-aqshasy-zhoghalghan-zhola.html