RU

Жүйкеміз де темірден емес: Атамбаев айтқан сөздері үшін кешірім сұрады

Қырғызстан президенттігінен кеткелі жатқан Алмазбек Атамбаев биліктегі алты жылы ауыр болғанын айтып, кешірім сұрады. Бұл туралы РИА Новости-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Құрметті журналистер егер қатты кетсем, тек сіздермен ғана емес кейде менің қатты айтып жіберетінім бар. Егер мен біреуіңізді ренжітсем, тіпті менікі дұрыс болса да, сіздерден кешірім сұраймын", - дейді Атамбаев.

Оның ойынша, елдің келесі президенті ұстамдырақ болады.

"Мен келесі президенттеріміз ұстамдырақ болады деген ойдамын. Соңғы алты жыл тым ауыр болды, жүйкеміз де темірден емес", - деген ол үнемі "тек шындықты айтатынын" атап өтті.

Еске сала кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы 15-ші қазанда өтті. Сайлаудың қорытындысы бойынша елдің экс-премьері Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті. Жаңа президенттің ұлықтау рәсімі 24 қараша күні өтеді.

Тағы оқыңыздар:

Шпекбаев әр басшының кабинетінде жеке әжетханасы барына күйінді

Сәкен Майғазиев пен Жанболатқа он шақты жігіт жабылып, аяусыз соққыға жыққан

Еркін Ізбасардың анасы түрмедегі ұлының бір жылдан бері жуынбағанын айтты

ОҚО-да істі болып, ақталып шыққан шенеунік билікке қайта оралды (фото)

Тұрғындар 10 баланы өрттен құтқарған "батыр" бомждың былығын әшкереледі (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1682531-zhuykemiz-de-temirden-emes-atambaev-ay.html