RU

Келіндерінің сүйегін Ақтөбеге жеткізген атыраулық құдалар топырақ салмастан тайып тұрған

19 жастағы ақтөбелік Данара Қайыпты қазақы дәстүрмен алып қашқан атыраулық жігіт әйел, бала-шағасы барын жасырған. Бұл жағдайды біліп қалып, өзіне-өзі қол салған жас келіннің туыстары қыздарының өліміне құдалары мен күйеу баласын кінәлап отыр.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысы Тереңсай ауылының тұрғындары Данараның өзін-өзі өлтіргеніне сене алар емес. Себебі, төрт ай бұрын күйеуге қашып кеткен қыздың артынан кешірім сұрап келетін құдаларын күткен. Алайда Атыраудан қаралы хабар жетті.

19 жастағы бойжеткенді алып қашқан атыраулық азамат бұрын үйленген болып шықты. Марқұмның жанұясы оның тек Біржан деген есімін ғана біледі.

Ал күйеуінің бұрынғы жұбайынан ажыраспай, өзін екінші әйелдікке алғанын жас келін өлерден бір күн бұрын ғана естіпті. Масқараға шыдамаған Данара ертесіне өз-өзіне қол салып, сарайда асылып қалған.

Қазір атыраулық полиция қызметкерлері аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Марқұмды өлімге кім итермелегенін анықтап жатыр.

Ал қара жамылған отбасы болса өрімдей қыздарын алып қашқан жақтың қылығына қатты ашулы. Сүйекті ауылына жеткізген құда-жекжаттары жаназасын күтпей, бір уыс топырақ салмастан Атырауға тайып тұрыпты.

Тағы оқыңыздар:

Ерекше көркімен жас қыздарды шаң қаптырған егде жастағы әйелдер

Жүйкеміз де темірден емес: Атамбаев айтқан сөздері үшін кешірім сұрады

Павлодар облысында өз ұлын өлтірді деген күдікпен 60 жастағы кейуана ұсталды

СҚО әкімі жаңажылдық шырша құруға бюджеттен бір тиын да шығармауды тапсырды

Елбасы жемқорлық жайлы: Ешкімге де жеңілдік жасалмайды және жазадан құтылмайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1682644-kelinderininh-suyegin-aqtobege-zhetki.html