RU

Димаш Құдайберген әлемге танымал композитордың үйінде қонақ болды (видео)

Димаш Құдайберген әлемге танымал композитор Уолтер Афанасьеффтің үйінде қонақта болды.  Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды жұлдыздармен жұмыс жасаған сазгер Димашты өміріндегі ең маңызды әртістердің бірі деп атады.

Аталған кездесудің видеосын Димаш желідегі парақшасында жариялады.

"Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол “Grammy” жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жумыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған "Титаник" телефильмінің саундтрегі "My heart will go on" əнін де дүниеге алып келген осы Уолтер мырза. «Красавица и Чудовище», «Аладдин» (1992), «Телохранитель» (1992), «Только ты» (1994), «Геркулес», «Игра» (1997), «Другая сестра» (1999), «Госпожа горничная» (2002). Джеймс Бонд "Лицензия на убийство" фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз!",- деп жазды Димаш.

Ал композитор болса Димаштың көлігінде отырғанына қуанышты екенін айтып, Қазақстанға ыстық сәлем жолдады.

"Қазақстан, бұл мен үшін зор мәртебе! Менің өмірімдегі ең сүйікті әртісім, вокалист Димаш Құдайберген менің көлігімде отыр. Сене алар емеспін, рақмет!",- деді қуанышын жасыра алмаған Уолтер Афанасьефф.

Тағы оқыңыздар:

"Қызылорда аруы - 2017" атағын 16 жастағы бойжеткен жеңіп алды (фото)

Қайрат Нұртастың жары алғаш рет сахнаға ән айтып шығып, елді таңғалдырды (видео)

Дәрігерлер Оралда газ жарылысынан зардап шеккен келіншектің өмірі үшін күресуде

Үндістанда әйгілі актрисаның басын әкеп берген адамға 1,5 миллион доллар сыйақы бермек

Калифорния жағалауына елес кеме келіп тоқтады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1683219-dimash-qudaybergen-alemge-tanymal-kom.html