RU

Қаңырап бос қалды: Астаналықтар "ЭКСПО"-ға кеткен қыруар қаржының ысырап болғанына күйінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жаз бойына елордалықтар мен шетелдік туристерді түрлі мəдени іс-шараларымен қуантқан "ЭКСПО" көрмесі қараша айында "қайта" ашылғаны белгілі. Алғашқы күндері көрме аумағына кіру тегін болғанымен, қазір ұлттық павильон мен өзге де нысандарға кіру үшін тұрғындар 1500 теңгеге билет сатып алулары тиіс.

Жаз бойы тіршілік қайнаған көрме аумағында қандай өзгерістер болды? Көрмедегі ұшан-теңіз аумақты алып жатқан павильондардың бүгінгі жайы қандай? NUR.KZ тілшісі "ЭКСПО" аумағына барып, "көрменің" бүгінгі жай-күйімен танысып қайтты.

Қаңырап бос қалған ғимараттар, жиналмаған қар мен алуан түрлі техника: бұл əйгілі "ЭКСПО" көрмесінің бүгінгі көрінісі.

Көрменің ұлан-ғайыр аумағының бос қалғаны соншалық, мұнда тіпті күзет қызметкерлерінен басқа тірі жанды таппайсыз. Ал, əлемнің түрлі елдерінің жетістіктерін паш еткен павильон орындары қоршаулы тұр.

Құрылысшылардың айтуынша, аталған орындарды қысқа икемдеп, ғимарат маңын толығымен қоршап жатқан көрінеді.

Елорда қысы қатал екенін ескерсек, көрме ішіндегі қарды тазалау да оңайға соқпасы анық. Қазірдің өзінде ғимараттардың дені қар астында қалған.

Ал, қарашаның 11-і күні көрменің ашылу салтанатында аталмыш аумақта 20-дан астам асхана жұмыс жасайды деп сендірген шенділер "сөздерінен" жаңылысқан секілді. Көрме алаңындағы асханалардың дені жабық. Ал, жазғы асханалардың жайы тіптен мүшкіл. Сырттағы үстел-орындықтар мен тынығу орындары шаң басқан күйі қалған.

Бір қызығы, жаз уақытында "ЭКСПО" маңынан көрінбеген көрме символдары "Мөлдір", "Қуат", "Сəулеге" қыс уақытында көрме аумағынан орын табылыпты.

Көрмеге келген аз-маз қала тұрғындарының да пікірі де бір. Олардың басым көпшілігі "қыруар қаржы ысырап болғанын" алға тартты.

"Жазда отбасымызбен келгенбіз, сменамен жасайтын жұмыс болғандықтан, бүгін қолымыз бос, көрмеге тағы бір барып қайтайық деп едік. Көргендеріңіздей адам аз, тіпті жоқтың қасы. Бəрінен бұрын осыған кеткен ақшаны аяйсың", - дейді елордалық Азамат есімді азамат.

Десе де, "ЭКСПО" аумағында тұрғындар игілігіне жасалған "дүниелер" де жоқ емес. Бұған дəлел, көрменің қақ ортасынан төселіп жатқан мына мұз айдыны. Биылғы жылы Астанадағы басты шырша да дəл осы орында орнатылмақ.

Тағы оқыңыздар:

Forbes жылдың ең табысты он әншісін жария етті

Ресей Қазақстаннан жалға алған 11600 гектар жерді қайтарды

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Әйгілі "Борат" Астанада ұсталған чехиялық туристерге араша түсті (фото)

Оралда екі өкпесі де қабынып кеткен дәрігер балабақшада жұмыс істеп келген

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қаңырап бос қалды: Астаналықтар "ЭКСПО"-ға кеткен қыруар қаржының ысырап болғанына күйінді
Mailfire view pixel