Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа жақында ғана дүркіретіп концерт берген інісінің екі ұлы бар екенін айтты

Опубликовано:

Елімізге танымал "жұлдыздар" Төреғали Төрәлі мен Ернар Айдар сынды қатарластарынан қалыспай, 25 жасқа толу кешін дүркіретіп атап өткен Әбдіжаппар Әлқожа екі жыл бұрын үйленген болып шықты. Бұл туралы әншінің туған әпкесі Роза Әлқожа "Айта берсін" бағдарламасына айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Әбдіжаппар үйленгенін жасырған жоқ. Қай хабар екенін ұмытып қалдым, Толқын Сейдоллақызының шақыртуымен бағдарламаға жарын алып шықты. Ол кезде танымал болған жоқ, содан шығар елдің білмей қалғаны.

Негізі мен өзім де оны құттықтап, Facebook парақшама жарияладым. Одан кейін өзі айтты: "Мен әнші ретінде танылып алайыншы, содан кейін саларсыз" деп. Бірақ, енді оны кімнен жасырамыз? Жігіт болғаннан кейін оның жанұясы болу міндеті ғой. Дұрыс жігіт болса ол, әрине...

Сондықтан, бәрі өз уақытымен болған. Құда түсіп барғанымыз, келіншегін алғаны - бәрі де рас. Тойдың болғанына екі жыл болды. Өзіміздің Шымқаладағы "Екі жұлдыз" тойханасында атап өттік. Қазір екі ұлы бар", - деді Роза Әлқожа.

Тағы оқыңыздар:

Forbes жылдың ең табысты он әншісін жария етті

Ресей Қазақстаннан жалға алған 11600 гектар жерді қайтарды

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Әйгілі "Борат" Астанада ұсталған чехиялық туристерге араша түсті (фото)

Оралда екі өкпесі де қабынып кеткен дәрігер балабақшада жұмыс істеп келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1683690-roza-alqozha-zhaqynda-ghana-durkiretip-k/

pixel