RU

Қазақтың қыз-келіншектерін жаппай жылатқан "Қара севда" АҚШ-та топ жарды (фото)

Қазақтың қыз-келіншектерін тәнті еткен "Қара севда" телехикаясы АҚШ-та «Эмми» жүлдесін иеленді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

60-тан астам елде көрсетілген түрік телехикаясы Нью-Йоркте "Үздік телехикая" номинациясы бойынша "Эмми" жүлдесін еншіледі. Айта кетерлігі, "Қара севда" - мұндай жүлдеге ие болып отырған алғашқы түрік телехикаясы.

Жүлде режиссер Хилал Сарал мен сценаристер Бурджу Гёргюн Топташ және Керем Чатайға табысталды. Телехикаяда басты рөлдерді Бурак Озчивит, Неслихан Атагюль мен Каан Урганджиоглу ойнаған.

"Эмми" — "Оскар", "Грэмми" немесе "Тони" жүлделері секілді теледидар саласындағы салмақты жүлде саналады.

Тағы оқыңыздар:

Forbes жылдың ең табысты он әншісін жария етті

Ресей Қазақстаннан жалға алған 11600 гектар жерді қайтарды

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Әйгілі "Борат" Астанада ұсталған чехиялық туристерге араша түсті (фото)

Оралда екі өкпесі де қабынып кеткен дәрігер балабақшада жұмыс істеп келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1683699-qazaqtynh-qyz-kelinshekterin-elitken-q.html