RU

Джейкобс өзін жеңген Головкинді "кәрі төбет" деп атап, оны реваншта сабауға уәде берді

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобс орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жегінің нәтижесіне көңілі толмайтынын және реванш алатынын мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Боксшылар наурыз айында Нью-Йоркте жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Головкин жеңіске жетті.

"Мен расымен де барымды салғанымды сездім, керек десеңіз тіпті кей раундтарда басым болдым, бірақ төрешілер басқа шешім шығарды. Головкин жойқын панчер ретінде танылған, ал төрешілерге сондай агрессив боксшылар ұнайды. Бұл боксқа кері әсер етеді. Мен өз басым ұрып, соққы қабылдамауға тырысамын.

Менің соққыларды дөп тигізу көрсеткішім (144-126) одан асып кетті. Боксшы ретінде мен мықты болдым, бірақ джеб саны бойынша (105-31), ол басым болды, сондықтан да мен оның алдында бас иемін.

Ең нашары - тең көрсеткіш болар еді. Жекпе-жекке барыңды салып, жан-тәніңмен күресіп жатқанда төрешілердің кездесуді басқаша бағалағаны жанды жейді", - дейді ол.

Сондай-ақ оның пікірінше, жекпе-жек тең болыпты.

"50 де 50, бірақ мен оны реваншта соққыға жығатыныма уәде беремін. Енді мен бұл жігітпен қалай жұдырықтасу керек екенін білемін. Мен оның мықты тұстарын біліп алдым.

Бірақ оның менен жасы үлкен, ал кәрі төбетті жаңа әдістерге үйрету өте қиынға соғады. Головкинді нокаутқа түсіру тым қиын, дегенмен де менің жылдамдығым одан әлдеқайда мықты", - дейді Джейкобс.

Тағы оқыңыздар:

Ресей Қазақстаннан жалға алған 11600 гектар жерді қайтарды

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Оралда екі өкпесі де қабынып кеткен дәрігер балабақшада жұмыс істеп келген

Роза Әлқожа жақында ғана дүркіретіп концерт берген інісінің екі ұлы барын айтты

Қазақтың қыз-келіншектерін жаппай жылатқан "Қара севда" АҚШ-та топ жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1683854-dzheykobs-ozin-zhenhgen-golovkindi-kari.html