Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Опубликовано:

Бөлмеге гүл сатып алар кезде оның оттегіні жұтпай, керісінше, оттегі бөлетіндігіне ерекше назар аудару керек. Өкінішке қарай, біз бөлмеде өсіретін гүлдердің көпшілігі оттегіні өзіне жұтып алады. Осы орайда, бөлмеде өсіруге пайдалы гүлдердің тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Хлорофитум

Ауаны микроорганизмдерден тазартып, улы заттардың күшін жояды. Бұл өсімдік бөлменің ауасын тазартуда ерекше рөл ойнайды. Төрт өсімдік 10 шаршы метр бөлмедегі ауаның 70-80 пайызын тазартуға қауқарлы.

Спатифиллум

Бұл өсімдік ашық тұрған терезе арқылы кіретін зиянды ауаны залалсыздандырады. Бұл өсімдік адам таңдамайды, кез келген адам үшін пайдалы. Түнде тыныш ұйықтау үшін спатифиллумды жатын бөлмеге қоюға кеңес береміз.

Алоэ

Улы заттардың көлемін азайтып, түн мезгілінде оттегі бөледі. Ащыкөмірсу газын жоюға көмектеседі. Сондай-ақ, үйдегі жиһаздардағы ДСП-дан бөлінетін формальдегидтің 90 пайызын өзіне қабылдайды.

Каланхоэ

Түнде оттегі бөледі, сондай-ақ, депрессияны түсіреді.

Бегония

Зиянды заттар мен микробтарды залалсыздандырады. Тұрмыста табысқа жетудің символы болып есептеледі. Өсімдіктен шығатын хош иіс депрессияны басады. Қарт адамдар мен түрлі сырқатқа ұшыраған жандардың жатын бөлмесіне қойған дұрыс.

Сансевиерия

Сансевиерия (ененің тілі немесе жылан тілі деген атпен де танымал) – жатын бөлме үшін таптырмайтын өсімдік. Көптеген өсімдіктер түн уақытында оттегіні өзіне жұтып алады. Ал Сансевиерия болса, керісінше, оттегі бөледі. Бөлмедегі ауаны реттеп тұру үшін адам беліне жететін 6-8 тал сансевиерияны өсірсеңіз болады.

Кактус

Инелері ұзындау келген кактус өте пайдалы. Бұл өсімдік электромагниттің күшін ыдыратады. Сол себепті, оны компьютер мен теледидар тұрған бөлмелерге қоюға кеңес береміз. Кактус ауадағы жағымсыз заттардың көлемін азайтады. Жақсы өсу үшін кактусқа көп жылу мен жарық керек. Бөлме өсімдіктері ауаны жақсы тазартатындықтан, адамдардың тыныс алуы жақсара түседі.

Тағы оқыңыздар: Дұрыс тамақтану ережелері

Лавр

Бұл өсімдік жатын бөлмеде өсіру үшін өте ыңғайлы. Сәбидің түнгі ұйқысы тыныш болуы үшін бас жағына лавр бұтағын қоюы тегін емес. Үлкендер жағы ыдысқа отырғызылған лаванда және розмарин өсімдіктері бар бөлмеде жақсы ұйықтайды.

Жалбыз (мята)

Асүйде өсірілетін бөлме өсімдіктерінің арасында жалбыз да бар. Асүйдегі терезе алдында тұрған жалбыз тәбетті жақсартып, ас қорытуға көмектеседі.

Фикус гүлі

Фикус гүлі шаңды жақсы жинайды. Оның жапырақтарын жуып, тазалау оңай. Фикус ауаны оттегімен толтырып, ауаны жақсы тазартады.

Балалар бөлмесіне ақша ағашын егу арқылы оларды еңбекқорлыққа баулуға болады. Ақша ағашы бөлмедегі ауаны да жақсы тазартады.

Тағы оқыңыздар: Үйде тез дайындалатын жеңіл салаттар рецепті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1683871-bolmede-osiruge-arnalghan-gulder/

pixel