RU

Қазақстандықтарға еңбек кітапшалары енді керек болмайды

Қазақстанда еңбек кітапшалары енді керек болмайды. Себебі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қағаз кітапшаларды электронды форматқа көшіргелі жатыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сонымен қатар жұмыстан өз еркімен шыққан адамдар бұл құжатты өздерімен бірге тасып жүрмейді. Өйткені электронды базада кез-келген маман туралы мәлімет, оның қай уақытта, қандай мекемелермен еңбек келісімшарттарын жасасқаны туралы ақпарат болады.

Бұл Медициналық сақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік мәртебесі анықталмай отырған азаматтарды да көлеңкеден шығаруы тиіс. Қазірдің өзінде елімізде электронды еңбек нарығы жұмыс істеп тұр.

Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, онда 30 мың жұмыс пен 8 мың түйіндеме бар екен. Ортақ базаға 199 халықты жұмыспен қамту орталықтары, барлық жұмыс агенттіктері мен интернет алаңдар біріктірілмек.

Осының арқасында халықтың жұмысқа тұруы жеңілдейді дейді министр.

Тағы оқыңыздар:

Парижде 65 млн еуроға үй сатқан риелторға Қазақстаннан бірнеше адам хабарласқан

Вице-министр: Cиноптиктер биылғы қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр

Джейкобс өзін жеңген Головкинді "кәрі төбет" деп атап, оны реваншта сабауға уәде берді

20 жастағы бойжеткеннің қолы ет тартқышта шайналып кетті

Ғалымдар артық салмақтан арылудың да зияны бар екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1683959-qazaqstandyqtargha-enhbek-kitapshalary.html