Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда өз-өзіне қол салған ер адамның өлім алдындағы хаты табылды

Опубликовано:

Ақтауда ер адам тамырын кесіп, өлім алдында хат жазып кеткен екен. Бұл туралы lada.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қайғылы оқиға 19 қарашаға қараған түні Ақтау қалсының төртінші ықшамауданындағы №43 үйде болған.

Көршілердің айтуынша, тамырын кескен ер адамды өзімен бірге тұратын қызы тауып алған.

Жедел жәрдем көлігіне қоңырау сағат 04:08-те түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтаған.

"Оқиға орнынан хат табылды. Хатта ер адам үй тұрғындарын айыптап және алғыс білдірген. Оны тергеушілер алып кетті", - дейді көршілер.

Көршілердің айтуынша, марқұм байсалды, жарқын жүзді адам болған. Соңғы кездері ол бас ауруы мазалап жүргенін жиі айтып жүріпті.

"Мұндай әрекетті ешкім күтпеді. Өмір осындай қадамға итермелесе керек. Ешкімде жайдан-жай тамырын кеспейді ғой", - дейді көршілерінің бірі.

Тұрғындардың айтуынша, ер адам қызын жалғыз өзі тәрбиелеп келген. Ал әйелімен осыдан 10 жыл бұрын ажырасып кеткен екен.

Тағы оқыңыздар:

Парижде 65 млн еуроға үй сатқан риелторға Қазақстаннан бірнеше адам хабарласқан

Вице-министр: Cиноптиктер биылғы қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр

Джейкобс өзін жеңген Головкинді "кәрі төбет" деп атап, оны реваншта сабауға уәде берді

20 жастағы бойжеткеннің қолы ет тартқышта шайналып кетті

Ғалымдар артық салмақтан арылудың да зияны бар екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1684049-aqtauda-oz-ozine-qol-salghan-er-adamnynh/

pixel