Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Майғазиевтің ер жетіп қалған сымбатты ұлы туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Сәкен Майғазиев өзге әншілер секілді отбасын, балаларын жасыратын жұлдыз емес. Оның жанұясын, жұбайы мен балалары көпшіліктің көз алдында жүреді. Мәселен, ұлы Әділетті әншінің желідегі фанаттары ерекше жақсы көреді. Сымбатымен қоса қазақылығымен де елді тәнті етіп жүрген бозбала туралы NUR.KZ аз-кем ақпарат ұсынады.

Әділет Майғазы бүгінде Алматыдағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (КИМЭП) студенті.

Ол Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізеді.

Футбол ойнағанды жақсы көретін ол Қарақат пен Қыдырәлінің ұлы секілді футбол алаңынан суреттерін жолдап отырады.

Әділет Майғазы ауылға жиі барып, әжесіне де сый-құрмет көрсетуді ұмыт қалдырмайды.

Оның бұл әрекетіне сүйсінген желі қолданушылары оған ақжарма тілектерін жаудырып жатады.

Майғазиевтің ұлының суреттеріне тамсанып, көркіне ғашық болатын бойжеткендер де аз емес.

Олар әншінің ұлына түрлі мақтау сөздерін аямай, сымбаттылығына тамсанып жатады.

Әділет спортпен айналысып, достарымен көңілді кештерде бас қосқанды жақсы көреді.

Бұдан бөлек кіші Майғазиев кішкентай балаларды да аса қатты жақсы көреді. Сондықтан әкесінен қалмай кішкентай балалармен түскен суреттерін желіге жиі салады.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, кей жерлерде тұман күтіледі

Семейде бес келі етті пара ретінде алған лауазымды әйелдің басы дауға қалды

Тәуелсіздік күнінен бұрын Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық басталып кетті

Шымкенттік келіншек өзін бұрынғы әкімнің зорлағанын айтып, көз жасын көл қылды

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1684365-saken-mayghazievtinh-er-zhetip-qalghan-sy/

pixel