RU

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Атырауда 64 жастағы күзетші жұмыстасымен жанжалдасып, ауыр дене жарақатын салған деп хабарлайды "Атырау" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау облыстық сотының үкімімен 64 жастағы күзетші өзінің әріптесіне қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 106 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды.

Іс құжаттарына сәйкес, айыпталушы жанжал үстінде жұмыстасының ішіне бір рет пышақ сұғып алған. Салдарынан жәбірленушінің іш қуысына зақым келіпті.

Жарақаттанған азамат әріптесінің шын жүректен өкінгенін және жасын ескере отырып кешірім беріп, моральдық-материалдық шығыннан бас тартты.

Сот үкімімен сотталушы У.-ға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік белді дінбасы ақырзаман келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

"Өзімізде аз": СҚО әкімдігі Омбыға қазақ жігіттерін алып кетуге қатысты пікір білдірді

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Қызымды қатты сағындым: Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Қытайға баратын қаржы таппай отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1684404-atyrauda-zhumystasyn-pyshaqtap-tastagh.html