RU

Қарағанды тұрғыны балағат сөз үшін 70 жастағы қарияны белдікпен буындырып өлтірген

Қарағанды облысында зейнеткер көршісін өлтірген ер адамды сот 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Белгілі болғандай, ащы суға сылқия тойып алған ер адам 70 жастағы көршісіне барып, ішімдік сұраған. Алайда көршісімен бірге ішімдік ішіп отырған А. есімді азамат өзін жайсыз сезініп, еденге лақылдатып құсып қойыпты. Ал оның бұл әрекетін ұнатпай, жиіркенген зейнеткер оған балағат сөздер айтқан.

Араққа тойып алған жәбірленушінің айтқан сөздеріне намыстанған А. шалбарының белбеуін шешіп, оны мойнынан буындырып өлтірген.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 бөлімі 3 тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Соттың үкімімен айыпталушы А. кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Енді ол қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік белді дінбасы ақырзаман келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

"Өзімізде аз": СҚО әкімдігі Омбыға қазақ жігіттерін алып кетуге қатысты пікір білдірді

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1684462-qaraghandy-turghyny-balaghat-soz-ushin-70-zha.html