RU

Нұрлан Нығматуллин бастарын изесе де, іс жүзінде жұмыс істемейтін министрлерді сынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жүрегіне ота жасалғаннан кейін бүгін алғаш рет Мәжіліс отырысына қатысқан Нұрлан Нығматулин бірқатар министрлерге сын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Мәжіліс спикері бұл ретте Қазақстанда табысты түрде жұмыс жасап жатқан отандық және шетелдік компаниялар жұмысын салыстырып өтті. Нығматуллин, әсіресе, келісімшартқа отырып алып, кейін ондағы барлық талаптарды орындамайтын мердігер компанияларды сынға алды.

«Бізде қазір қалай, түрлі мердігер компаниялар демпингтік бағалар көрсетілген келісімшарт жасап алады да, кейін ондағы талаптарды орындамай, жалтарып шыға келеді және мұндай жағдайлар құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық кешен және т.б. салаларда жиі орын алып жүр. Бұған қоса, әлгіндей мердігерлер атқаратын жұмыстарына қаражаттарын жеткізе алмай, қосымша  қаражат сұрайтындары тағы бар. Нәтижесінде, көрсетілетін қызметтің бағасы шарықтап шыға келеді және өкініштісі, мұндай жайттар жыл санап белең алып келеді», - деді Нұрлан Нығматуллин.

Мәжіліс төрағасы аталған мәселені шешу үшін құзыретті органдар бірқатар шараларды қолға алу қажеттігін атап өтті.

«Үкіметке, әсіресе, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне аталған мәселені қолға алатын уақыт жеткен шығар, қалай ойлайсыздар? Келіссеңіздер, онда іске кірісу керек. Осылай мәселе көтерілген уақытта ғана, бастарыңызды изейсіздер, бірақ іс жүзінде жұмыс жасамайсыздар», - деп қос министрді сынға алды Мәжіліс спикері.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік белді дінбасы ақырзаман келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

"Өзімізде аз": СҚО әкімдігі Омбыға қазақ жігіттерін алып кетуге қатысты пікір білдірді

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрлан Нығматуллин бастарын изесе де, іс жүзінде жұмыс істемейтін министрлерді сынады
Mailfire view pixel