RU

Жүрегіне ота жасатқан Нығматулиннің жағдайы қалай?

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жүрегіне ота жасалғаннан кейінгі денсаулық жағдайын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Бүгін денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы мәжіліс отырыстарына қатыса алмаған Нұрлан Нығматулин, алғаш рет палата отырысын өткізді. Жиын өткеннен кейін тілшілерге сұхбат берген мәжіліс төрағасы «қазір денсаулығының жақсарып, жұмысқа кірісіп кеткенін» атап өтті.

«Бәрі жақсы, уайымдайтындай ештеңе жоқ. Жылы лебіздеріңізге көптен-көп рахмет», - дейді Нығматулин мырза.

Ал тілшілердің «жұмысыңызды сағындыңыз ба?» деген сауалына «әрине, көрініп тұрған жоқ па?» деп әзілдеп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасының жүрегіне ота жасалғаны белгілі болғаны еді. Нұрлан Нығматулин күрделі отаны Астанадағы республикалық кардиологиялық орталықта жасатқан.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік белді дінбасы ақырзаман келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

"Өзімізде аз": СҚО әкімдігі Омбыға қазақ жігіттерін алып кетуге қатысты пікір білдірді

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1684519-zhuregine-ota-zhasatqan-nyghmatulin-zhum.html