RU

Алып қашудың құрбаны болған жеткіншек қыздардың ауыр тағдыры

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жастайынан алып қашу дәстүрінің құрбаныны болғандар бүгінгі өмірі жайлы ағынан жарылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мзия

Мен 15 жаста едім. Бүгінде 21-ге келдім. Ол мені ауылда көріп қалып, әңгімеге тартты. Кейін алып қашты. Батумиде оқып жүрген едім. Бес жігіт болып жабылып, алып қашып кетті. Қарсы болсам да, қашып кетуге күшім жетпеді. Әкем де қарсы еді. Содан бері оқуым жайына қалды. Бүгінде бір ұл мен бір қыздың анасымын. Ерте тұрмысқа шығуды мүлде қаламағанмын.

Нери

Мені алып қашқанда 14 жаста едім. Мектепте оқып жүрген кезім. Болашақ күйеуімді мүлде танымайтынмын. Келді де күшпен алып қашып кетті. Екі рет одан қашып үлгердім. Алайда ол мені қайта алып кететін. Қызымды 15 жасымда босандым. Екі ұл, бір қыздың анасымын. Күйеуіммен 53 жыл бірге болдым. Сымбатты еді. Ол бүгінде өмірден озған.

Марина

Күйеуім мені алып қашқанда оны мүлде танымайтынмын. 14 жасымда амалсыз тұрмысқа шығып, 16 жасымда қызды болдым. Алып қашқанда қарсылық көрсетпедім, алайда тұрмысқа шығуды қаламаған едім... Қыздарды жастайынан алып қашқан дұрыс емес. Олар сәл де болса есейіп үлгеруі тиіс.

Дали

Мені алып қашқанда жасым 14-ке де толмаған еді. Болашақ күйеуімді танымайтынмын. Қарсылық танытқанымда ұрып, денемді көгертіп тастады. Амалсыз келістім... Бүгінде екі балам бар. Алып қашуды жақсы дәстүр деп ойламаймын.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік белді дінбасы ақырзаман келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

"Өзімізде аз": СҚО әкімдігі Омбыға қазақ жігіттерін алып кетуге қатысты пікір білдірді

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алып қашудың құрбаны болған жеткіншек қыздардың ауыр тағдыры
Mailfire view pixel